Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ТАҒЫ ЕКІ ӨҢІРДІҢ ХҚО-ЛАРЫ АЛДЫН-АЛА БРОН БОЙЫНША ҚАБЫЛДАЙДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ТАҒЫ ЕКІ ӨҢІРДІҢ ХҚО-ЛАРЫ АЛДЫН-АЛА БРОН БОЙЫНША ҚАБЫЛДАЙДЫ

ТАҒЫ ЕКІ ӨҢІРДІҢ ХҚО-ЛАРЫ АЛДЫН-АЛА БРОН БОЙЫНША ҚАБЫЛДАЙДЫ

Нұр-Сұлтан қ. 30 наурыз
      Карантин шараларының күшейтілуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы облысының ХҚО-лары азаматтарды тек алдын ала бронмен қабылдайды. Бұдан бұрын клиенттерді брон арқылы Алматы қаласының ХҚО-лары қабылдай бастаған болатын.
       «Бас санитар дәрігердің қаулысы – клиенттеріміз бен қызметкерлерімізді вирустан қорғауға мүмкіндік беретін мәжбүрлі шара. Бұл шешімге қазақстандықтар түсіністікпен қарайды деп ойлаймын және ерекше қажеттілік болмаса, азаматтардыХҚО-ға бармауды сұраймыз. Сондай-ақ,  мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамын eGov.kz және eGov mobile мобильдік қосымшасында онлайн алуға болатынын еске салғым келеді. Жақындарыңыз бен өзіңізге сақ болыңыз!» – дейді Азаматтарға арналған үкіметтің Қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Байрам Азизов.
        Кезекті бірнеше минут ішінде egov.kz порталы, egov mobile қосымшасы, egovkzbot 2.0 (@kenes1414bot)телеграм-боты, сондай-ақ 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы брондауға болады.
         Клиентке брондау кезінде өзінің жеке деректерін толтырып, өңірді, ХҚО бөлімін, келу уақыты мен күнін таңдау қажет.
          Көп балалы отбасылар, зейнеткерлер немесе мүгедектігі бар адамдар ХҚО-ға кезекті брондау барысында «Жеңілдік терезесін» таңдай алады. Сондай-ақ, егер ХҚО-ға бір барғанда бірнеше мемлекеттік қызмет түрін рәсімдеу қажет болса, порталдан тиісті бағдарды таңдау қажет.
          Азаматтарға арналған үкімет ХҚО-ға брондалған уақыттан 10-15 минут бұрын келуге және барлық санитарлық талапты сақтауды сұрайды. Өңірлердің санитар дәрігерлерінің қаулысы бойынша ХҚО-лар дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді (Алматы облысының ХҚО-лары сенбі күні қысқартылған кесте бойынша қабылдайды).
«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ 
баспасөз қызметі
8-7172-95-51-54 /ішкі 109/

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...