Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЖАҢАДАН ҚҰРЫЛҒАН БӨЛІМГЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » ЖАҢАДАН ҚҰРЫЛҒАН БӨЛІМГЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЖАҢАДАН ҚҰРЫЛҒАН БӨЛІМГЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

         Мақтаарал ауданында әкімдіктің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі құрылған болатын. ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 29, 30 баптарына сәйкес, аудан әкімі Б.Асановтың өкімімен Дүйсебаев Өмірзақ Жазыұзақұлы аталған бөлімінің  басшысы  болып  тағайындалды.
       Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков ауданның мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің қызметкерлеріне жаңа басшыны таныстырып, орынтағына жайғастырды. Алда атқарар шаруалар мен бағындырар белестер көп екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары жаңа басшының жұмысына сәттілік тіледі.
       Өмірзақ Дүйсебаев 1989 жылы Мақтаарал ауданында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «экономика», «Тұран-Астана» университетін «заңтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол еңбек жолын 2012 жылы Мақтаарал ауданы Мақтаарал ауылдық округі әкімі аппаратында мәдениет және әлеуметтік сала бойынша бас маман болып бастаған.
        2014 жылы Мақтаарал ауданының құрылыс бөлімінің бас маман-есепшісі болып тағайындалса, 2016 жылдан бастап Мақтаарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маман-есепшісі болып қызметін жалғастырды. Ол бған дейін Мақтаарал ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары болып еңбек етіп келген.
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

        ...

PEOPLE AND PLACES, SHOPS

Learning objectives(s) that this ...

САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту ...

НАУРЫЗЫМ МЕРЕКЕМ, НАУРЫЗЫМ БЕРЕКЕМ!

       Біздің ...

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...