Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ТАЛАЙ АДАМДЫ ПНЕВМАНИЯДАН ЕМДЕГЕН ДИНАРА ЕМШІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ТАЛАЙ АДАМДЫ ПНЕВМАНИЯДАН ЕМДЕГЕН ДИНАРА ЕМШІ

ТАЛАЙ АДАМДЫ ПНЕВМАНИЯДАН ЕМДЕГЕН ДИНАРА ЕМШІ

         
         Әлемді дерт жайлап, адамзат үлкен сынаққа душар болып, барлық мемлекеттер осы дерттен шығынсыз, аман шығудың жолын қарастыруда. Осынау уақытта адамдардың орынсыз үрейге бой алдыруы орынды да. Мұның халықтық емі – адыраспан, жусан, лимон, жуа дескендер болды.  Әлдебір шөптердің тамырын да ауруға ем дегендер табылды. Дегенмен, ел іші – өнер кеніші дегендей, ел ішінде осынау аты жаман ауруды емдеген емші барын біреу білсе, біреу білмес. Халық емшісі Динара Орынтайқызы осы алмағайып кезеңде пневманиямен ауырғандарды да емдеп жазғанын айтады.  Рентген әйел ретінде елімізге танымал болған емші одан бөлек сан түрлі ауруды емдейді. Бізге ауруынан айыққан жандар хабарласып, емшіге алғыстарын жаудырды. Әсіресе, пневмания ауруына ұшыраған Дәметкен Тұрғынбаева ананың қызы Рәбиға өз анасының алғысын жеткізді. 
         «Анам пневманиямен ауырды. Желтоқсан айында қан құсып, жағдайы қатты нашарлады.  Сосын Динара емшіге келіп, айтқан дәрілерін алдыртып, ем жүргіздік. Ем бір аптаның ішінде өз нәтижесін беріп, анамыздың қан құсқаны, жөтелі, барлығы тоқтап, құлан-таза айықты. Одан бөлек анамыз глаукома көз дертіне шалдыққан еді. Көз алдындағы затын көрмей қалған болатын. Енді Динара емшінің емінің арқасында екі метрдей жерді анық көретін болды. Құдайға шүкір. Мен өзім де осы глаукомадан емделдім. Әлі де емімізді жалғастырып жатырмыз»,- дейді емшіге риза болған жан.
           Осындай дерттен емделген жандардың қатарында Милена Шынболат деген қыздың ағасы мен әпкесі де бар екен. Оның айтуынша емші диагнозды телефондағы жақындарының суретін көру арқылы қойған.
        «Біз отбасымызбен осы емшінің көмегіне жүгінеміз. Менің ағам пневманиямен ауырды. Оның диогнозын да осы Динара емші арқылы білдік. Кейіннен ауруханаға барып, тексерілгенде ондағылар емшінің диагнозын қайталады. Сосын айтқан дәрілерін алып, емшінің нұсқауымен ғана әрекет етіп отырдық. Халық емі мен медицина арқылы емін жүргізді. Бір таңқаларлығы біз келе алмаған уақытта телефон арқылы да емін жалғастыра берді. Ұдайы бақылауда ұстады. «Рентгенге түсірмей қоя тұрыңдар», деді. Емделіп болған соң, рентгенге түсіргенімізде барлығы таза шықты. Біздің қуанышымызда шек болмады. Одан бөлек әпкем де короновируспен ауырғанда осы емші арқылы жазылды.   Қазіргі уақытта өзім де осы кісіден ем алып жатырмын. Менің көзім -3 алысты көрмейтін. Сол кісінің емімен көзім жақсарып келеді.Бұл кісі туралы өте көп естимін. Өзімнің де көзіммен көрген көптеген жайттарды білемін. Соның бір мысалы, 6-8 жастың шамасындағы кішкентай қыздың басындағы ісік барын көреді. Негізінде оның жақындары ондай дерт барын білмеген, жай тексертуге алып келген екен. Олар басында сенбей, дәрігерге тексеріледі. Дәрігерлер де осы емшінің диагнозын растайды. Бірақ дәрігерлер тек ота арқылы бас сүйегін ашып тексеру керектігін айтады. Оның қаражаты да аз қаржы емес. Сосын жаңағы қызды осы емшіге сеніп тапсырады. Ақырында үздіксіз емнің арқасында ол қыз да құлан-таза айықты», -дейді Милена есімді қыз.
  Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданының тұрғыны Әнуарбек Сейсебаев есімді азаматтың жүрегін емхана да емдей алмай, шарасыз күй кешеді. Әнуарбек ағамыздың  жары  осы Динара емшіні іздеп тауып,  емді халық емшісінен алуды жөн көреді.
        – Жолдасымның жүрегі нашар еді. Жүрегінің соғысы төмен, соның салдарынан асқазаны мен бауыры ауыратын болды. Жыл сайын ауруханаға қаралып жүрдік. Тараз қаласындағы атақты Сейітхан Жошыбаевтың да ауруханасын тоздырдық. 2019 жылдың қараша айында дерті асқынып қаралмаған жеріміз қалмады. Бір апта жолдасым үйде болса, он күні ауруханада өтті. Жүректің екі қалқаны істен шыққан еді.  Арысы Астана, берісі Бішкекке дейін бардық. Барлығы бір диагнозды қойды. Жүрекке ота жасау керек деді. Оған күйеуімнің денсаулығы жарамады. Ауруы асқынып, дәрігерлер шипа таппай ауруханадан шығарып тастады. Содан ойламаған жерден Тараз қаласында көзі «рентген» Динара есімді емші барын естіп, соңғы үмітімізді емшіге тапсырдық. Осы кісінің жасап берген дәрілерін ішіп, дертіне шипа тапты. Алдымен Жаратушының, сосын Динара емшінің арқасында бүгінде бала шағамыздың ортасында күліп-ойнап отыр. Жыл сайын ауруханаға барып тұрушы едік. Енді емшінің арқасында ауруахана есігін аттамайтын болдық, дейді ол.
       Мен Бейсенова Ақжарқын 63 жастағы  Түркістан облысы Шардара ауданының «Елу жылдық» ауылының тұрғынымын. «18 жыл бұрын ауырып, дертіме ем іздеген мені емханалардағы білікті дәрігерлер емес, емші Динара Орынтайқызы жазып шықты. Бірінші Жаратушымыздың қалауымен сосын Динараның емінің арқасында сырқатымнан айықтым»,-деп бастады келесі кейіпкеріміз әңгімесін.
        «2001 жылы ауырып, Алматыдағы онкологиялық зерттеу институтында үш ай жатып емделдім. Сол жерден 1 айдан кейін қайтып келесіз,  емдейміз, химия береміз болмаса ота жасаймыз деген болатын. Менің диагнозым жатыр қатерлі ісігі  болды. Бір ай 15 күннен кейін қайта ауырып бастадым. Үйде жүргенімде газеттен Динара емші туралы жарияланған мақаланы оқып, жолдасыма осы емшіге апаруын өтіндім. Ол  білікті дәрігерлерден ем алғанымды қалады. Ауруымнан асқынып бара жатқанына көзі жеткен жолдасым емшіге қаралуыма келісімін берді.
            Динара емші бізді жылы қарсы алып, дертіммен танысқан соң емдеп-жазатынын айтқанда сенбедім. Емінің үшінші күнінде-ақ маған оң әсерін сезіндім.  Алғашқы күндердегіден тәуір болғанымды көрген жолдасым қатты қуанып, емшіге қаралуымды жиілетті. Жұрттар бір мезгіл қаралса, мен екі мезгіл қаралдым. 1 ай сол жерде қаралып, өзімді жақсы сезінгеннен кейін емші емханаға барып қаралуға кеңес берді. Емшінің айтуымен өзімнің Раиса Зейноллақызы деген дәрігеріме бардым. Бір айда келуге тиісті мені екінші айда бір-ақ көріп тұрған дәрігерім  «тірісіз бе?», –деп таң қалып қарсы алды. Дәрігерім өте қарапайым, мейірімді еді. Сол жерде бірнеше білікті дәрігерлерді шақырып, маған химия қабылдау керектігін айтып жатты. Сондағы ер дәрігердің бірі «мына кісінің реңі жақсы ғой, химия берудің қажеті жоқ сияқты», деп  УЗИ-ға түсуімді сұрады. Нәтижесінде ішімде болған ісіктің жоқ екенін көріп таң қалды. Оңаша қалғанда дәргерім «қалай кетірдіңіз, соңғы уақытта кімге қаралдыңыз», деп сұрақтың астына алды. Динара емшінің өтініші бойынша ол туралы ештеңе айтпай, «шипажайда қымыз ішіп емделдім», деп жауап бердім. Дәрігерім түсініп, маған «қалай емделдіңіз солай жалғастыра беріңіз, бірақ жиі келіп қаралып тұрыңыз. Сіз бізде тіркеуде тұрсыз» деді. Бұл жауапты естіген соң қуанып Динараға келдім. «Әпке, сіздегі ауру осылай еді», деп ауруымның қатерлі екенін айтып, бәрін түсіндіріп берді. Бұл уақытқа дейін өзімнің ауруым туралы толық білмеуші едім, жолдасым ғана білген екен. Алты ай Динараға барып ем қабылдадым.  Міне, 18-19 жылдай болды осы аурумен күресіп, жеңгеніме. Ем қабылдаушы қыз-келіншектердің арасында көпшілігіміздің  ауруымыз (дертіміз) бір болып, барлығымыз жақсы болып шыққан соң, дастархан жайып құрмет көрсеттік. Толық жазылып шыққан соң, алғыс ретінде ақша ұсынғанымызда Динара алмады. «Сіздер тек менің қасиетімнен ғана емес, Алланың қалауымен жазылдыңыздар. Бір ғана өтінішім бар, намазға жығылсаңыздар», деді. Осындай дархан мейірімдігіне, өз існе адал берілген кәсібилігіне қатты разы болдық. Разылығымызды қалай жеткізерімізді білмей, Динара емшінің  құрметіне немере қызымның есімін де Динара деп қойдым. Себебі, менің ғана емес жолдасымның да асқазан ауруынан айықтырған болатын. Осындай елге тек жақсылық жасап жүрген жандардың барлығы қуантады. Ол кісіге қарыздармыз»,- деп әңгімесін алғыспен  аяқтады Ақжарқын есімді кейіпкер.
        Қазақстан Республикасының Халық және рухани емшілері мекемесінің толық мүшесі Динара Орынтайқызымен өзімен жолығып, сұқбаттасқанымызда өзінің қасиеті жайлы былайша жауап берді:
       – Бұл ашылмаған құпия. Осы ғұмырымда көзінде рентген бар жанды кездестіргенім жоқ. В. Илюшин деген атақты дәрігер-ғалым оң көзімде рентген сәулесі бар еке¬нін анықтаған. Басқа ғылымдар мұн¬дай құбылыстың бұрын да кездескенін айтқанымен, менің жанарымдағы сәуленің құпиясын аша алар емес. Дүниеге келгеннен бір көзім қисық болды. 18 жасымда көзіме ота жасаттым. Ота жасаған дәрігер Овсянникова: «Динара, көзіңді түзедік. Алайда, көз түбінде кішкентай лампа сияқты бірдеңе тұр. Не екенін білмеген соң, тиіспедік», – деді. Алдыма келген науқастың іш құрылысын көре аламын. Құрсағына бала біткен келін¬шектердің іштегі шаранасы ұл ма, қыз ба – бірден айтып беремін. Телеэкрандағы адамдардың да ішкі құрылысын көремін. Қасиетті Құран кітабының аят-cүрелерін қолданып, сырқаттарға дем де саламын», – деді ол.
       «Ғасыр дерті» атанған қатерлі ісік ауруынан бастап, ішкі мүшелердің барлық ауруларын, жүйке жүйелері, буын сырқаттарын, әйелдер аурулары мен бедеулікті, басқа да аурудың талай түрін емдей беретін емшінің алдынан кісі үзілмейді.
Наурызбек САРША.

Динара Орынтайқызы емшінің телефон нөмірі: 8 775 648 53 03

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...