Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
USAID ҚАЗАҚСТАНДА СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА БОЙЫНША ЖАҢА ӨҢІРЛІК ЖОБАНЫ ІСКЕ ҚОСАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » USAID ҚАЗАҚСТАНДА СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА БОЙЫНША ЖАҢА ӨҢІРЛІК ЖОБАНЫ ІСКЕ ҚОСАДЫ

USAID ҚАЗАҚСТАНДА СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА БОЙЫНША ЖАҢА ӨҢІРЛІК ЖОБАНЫ ІСКЕ ҚОСАДЫ

       1 сәуір, Нұр-Сұлтан, Қазақстан – Бүгін АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) Қазақстанда “Су ресурстары және қоршаған орта” атты бес жылдық өңірлік жобаны іске қосты. Бұл жоба Орталық Азияның бес елі мен Ауғанстанның  арасындағы трансшекаралық су ресурстарын басқару және Сырдария мен Әмудария өзендерінің бассейндерінде экологиялық қауіпті азайту мәселелерінде өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
      USAID-тің Орталық Азия бойынша директоры Кристофер Эдвардс өзінің кіріспе сөзінде су ресурстарын басқару өңір үшін басты міндет болып қала беретінін атап өтті. Ол Қазақстанның су ресурстарын басқарудағы үлкен жетістігін жоғары бағалады.  “Су ресурстарын интеграцияланған басқару қағидаттарын енгізген және кіші бассейндік кеңестердің жұмысын іске қосқан Орталық Азиядағы алғашқы ел ретінде Қазақстан су ресурстарын қорғау саласында айтарлықтай жетістіктерге жетті. Жақында қабылданған жаңа Экологиялық кодекс елдің қоршаған ортаны қорғауға деген ұмтылысын көрсетеді. Біз Орталық Азия мен Ауғанстан халқына тұрақтылықты, экономикалық өркендеуді және тұрақты экожүйелерді орнатуға көмектесетін жаңа жоба аясындағы ынтымақтастыққа сенеміз”, – деп атап өтті Эдвардс мырза.
       Іс-шараға Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар; Ауыл шаруашылығы; Энергетика; Сыртқы істер; Ұлттық экономика; Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, су ресурстарын басқару жөніндегі өңірлік ұйымдардың, азаматтық қоғамдастықтың, жеке сектордың, ғылыми және зерттеу институттарының өкілдері қатысты. Қатысушылар “су – энергетика – азық-түлік қауіпсіздігі” жүйесіндегі ортақ су ресурстарын басқару бойынша ұлттық және өңірлік мәселелерді талқылады және осы мәселелерді шешуде USAID-тің “су ресурстары мен қоршаған орта” бойынша жаңа өңірлік жобасының маңызды рөлін атап өтті.
###
      USAID – әлемдегі халықаралық даму жөніндегі жетекші агенттігі және және даму нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал ететін катализаторы болып табылады. USAID Орталық Азияның мемлекеттік органдарымен, академияларымен және су пайдаланушыларымен серіктестікте өңірдің су ресурстарын басқару саласындағы әлеуетін күшейту үшін жергілікті ғалымдар мен көшбасшылардың жаңа буынына оқыту жүргізеді; су ресурстарын тең құқылы және тиімді басқаруға және олардың нысаналы өзен бассейндерінде әділ бөлінуіне жәрдемдеседі және ортақ су ресурстарын басқару мәселелерінде өңірлік ынтымақтастықты нығайтады.
     Қосымша ақпарат алу үшін ақпараттық бюллетень сілтемесіне, USAID Орталық Азия веб-сайтына және Facebook парақшасына кіріңіз.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...