Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚАЗАҚСТАННАН БІЛІМ МИГРАЦИЯСЫН ҚАЛАЙ ТОҚТАТУҒА БОЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ҚАЗАҚСТАННАН БІЛІМ МИГРАЦИЯСЫН ҚАЛАЙ ТОҚТАТУҒА БОЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАННАН БІЛІМ МИГРАЦИЯСЫН ҚАЛАЙ ТОҚТАТУҒА БОЛАДЫ

         Соңғы жылдары қазақстандық түлектер жаппай шетел асуда. Көршілес Ресейдің өзінде ғана 70 мыңнан астам түлек білім алып жатыр.   Сарапшылардың айтуынша, отандық жоғары оқу орындары ресейлік университеттерден кем емес. Осы орайда, білім миграциясын  қалай тоқтатуға болатыны туралы Академиялық адалдық лигасы Жалпы Жиналысының мүшесі Талғат Нәрікбаев мәлімдеді.
         Студенттердің шетелге кетуінің негізгі себебі — шет елдерде білім сапасы жоғары деген пікір әрі отандық ЖОО-ларға деген сенімсіздік.  Білім мен тұратын орын тегін болғандықтан қазақстандықтар Ресейді таңдайды.
Бірақ ол жақта бәрі біз ойлағандай керемет емес.
         «Ресейдің білімі сапалы деген стереотипке менің күмәнім бар. Негізінде жоғары деңгейлі университеттері Мәскеу мен Санкт-Петербургте шоғырланған. Ал басқа оқу орындарының көпшілігі сапалы білім бермейді, кейбірі тіптен нашар»,– дейді М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-дің Басқарма басшысы.
         Оның айтуынша, елімізден кетуге тыйым салу мүмкін емес, бірақ мемлекет азамттардың қалуы үшін бар жағдайды жасауы қажет.
         «Әрине, әрбір жас бай, табысты, кәсіби маман болғысы келеді. Сол себепті жастарды елімізден кеткісі келмес үшін мемлекет оларға барлық жағдайды жасауы тиіс, еңбек нарығында жалақы мөлшері жоғары болуы қажет. Сондай-ақ мамандарды жұмысқа алу процесі ашық жүргізілуі керек.  Жастар жұмысқа танысы, туысы арқылы емес, кәсіби біліктілігінің арқасында адал жолмен орналасуы тиіс», – деп қорытындылады Талғат Нәрікбаев.
         Коронавирустық пандемияға байланысты елдер арасындағы қозғалыс шектеулі болғанына қарамастан, Қазақстанда оқығысы келетін шетелдіктердің саны  артып келеді. Мәселен, 2020 жылы елімізде білім алып жатқан  шетелдік студенттер саны 34 452 адамды құрады.
         Анықтама. Академиялық адалдық Лигасы – бұл 11 жоғары және  жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдар бірлестігі. Білім беру сапасын арттыру және академиялық адалдық принциптерін қолдау Лиганың миссиясы болып саналады.
Академиялық адалдық лигасының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...