Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕ

АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕ

        Мақтаарал аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері ерікті түрде әлемдік пандемияның зардабынан сақтану бағытында толық көлемде екпе салдырды. Біз, өзіміздің жұмыс бабымызға сәйкес тек ғана пробациялық есепте тұрған азаматтармен ғана емес, сонымен бірге түрлі сала мамандарымен байланыста боламыз, түрлі елдемекендерді аралаймыз. Яғни, кез-келген сәтте қатерлі ауруды жұқтырып алуымыз әбден мүмкін.
     Осындай қатерді жақсы сезіне отырып, біздің бөлім қызметкерлері бірауыздан екпе салдыруға келісімдерін берді. Қуантарлығы екпе салдырған кезде де, одан кейін де ешқандай жағымсыз әсерлер (осложнение) болған жоқ.
     Бүгінде қас-қағым сәтте әлемнің әр бұрышынан өзіне қажетті кез-келген ақпаратты оп-оңай алуға болатын заманда, біз короновирустың зиянды әрекеттерімен, оған қарсы әлем елдері қалай күресіп жатқанынан жақсы хабардармыз. Экономикасы қарыштап дамыған алпауыт елдердің өздері елдерінің азаматтарын 100 пайыз екпе жасауға шамасы жетпей, вакцина жасаушы алпауыт корпорациялардан өте қымбат бағаға миллиондап екпе дәрілерін сатып алып жатқанда біздің еліміздің кейбір азаматтарының кертартпалыққа салынып жатқанына таң қаламыз. Оларға айтарым, «Жалған ақпараттарға сене бермей, шын мәнінде әлемде не болып жатқанына терең мән беріңіздер, ең құрыса 2020 жылдың жазында республикамызда  орын алған күрделі жағдайды естеріңізге түсіріңдер. Мемлекетіміз тарапынан жасалып жатқан қамқорлықты сезініп, екпе жасатыңыздар. Кейін кеш болып, бармақ тістеп қалғанша, дәл уақытында қимылдаңыздар. Атам қазақтың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген нақыл сөзін ұмытпаныңыздар.
С.АДИЛОВ,
 Мақтаарал аудандық ПҚ
бөлімінің аға инспекторы, әділет капитаны.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...