Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай, мәдени-ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу. Жастар қашанда қоғамның қозғаушы күші. Бұл біздің қоғам алдындағы борышымыз. Жастарды тәрбиелеудің маңызы жайында Елбасы Н.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер, Қазақстан сол деңгейде болады», – деп атап көрсеткен болатын. Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар жастарымыз.
Ел тірегі болар жастардың рухани адамгершілік және ұлттық мәдени дамуын қамтамасыз ету, психикалық саулығын нығайту маңызды міндеттердің қатарында. Ал бұл міндеттерді жүзеге асыру процесіне кедергі жасайтын мәселелер қатары да жетерлік, атап айтқанда, толық емес отбасылар, материалдық һәм әлеуметтік жағдайы нашар жанұя санының көбеюі, қоғамға жат әлеуметтік топтардың, діни секталардың қоғамда кең етек жаюы және т.б. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Дейтұрғанмен қазіргі таңда еліміздегі кейбір жастарымыздың теріс діни ағымға еріп, саналарының көз алдымызда улануы ойландыратын мәселе болып отыр. Діни ағымдардың кейбір жастардың рухани білімге деген ынтасын теріс бағытқа, өзге мәдениет пен теріс құндылықтарды насихаттап, жастар арасында діни саутсыздық тудырып жатқан жағдаяттары орын алып келеді. Діни сенімнің дұрыс қалыптаспау себебінен,теріс жолға түскен жастарымызды ортаға сіңімділігін төмендетіп, өз алдына орта қалыптастыруға алып келетіні сөзсіз. Бұл мәселелер өз кезегінде қазіргі жастардың толыққанды дамуына кедергі келітіріп, бала психикасының тұрақсыздығына, ауытқуына әкеліп соғады. Ал психиканың тұрақсыздығы, әсіресе өтпелі жеткіншектік жастарды түрлі жағымсыз әрекеттерге итермелейді. Қазіргі күні қауіпті жеткіншек жаста дінді қолдану болып есептеледі. Бүгінгі таңда бұл мәселе мемлекеттік деңгейге жетіп отыр, себебі теріс ағым жеткіншектердің санасының дамуына кері әсерін тигізуде.
Дін тәуелділік емес, мінез-құлықтың девиантты формасы ретінде қарастырған жөн. Девиантты мінез-құлық формаларын қорытындылауда жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктерін есепке алу маңызды. Жеткіншектік жастарда көптеген өзгерістер тұлғалық сферадажүреді және жеткіншек интелектуалды дами бастайды. Жеткіншектік кезең аса эмоционалды қозушаңдылықпен ерекшеленеді. Олардың көңіл-күйлері жиі ауысады, мінезқұлықтың жоғары аффективтілігі байқалады. Жастардың эмоционалды өзгерістерінің кейбіреуі гормональді және физиологиялық өзгерістерге байланысты болып келеді.
Психология саласының мамандары адам баласының құбылыс екендігі, кез-келген ортада психологиялық әрі әлеуметтік мәжбүрлікпен болған жағдайда, сол ортаның жалған идеяларына сіңісіп, ол идеяларды уақыт өте келе ақиқаттай көретінін алға тартады. Жастардың қай заманда болмасын, әрқашан қоғамда үлкен әлеуметтік күшке ие болғанын байқаймыз. Оның үстіне бүгінгі жастың ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын басшы боларын ескерсек, олардың қоғам үшін маңызы арта түседі. Сондай-ақ жастарда үлкен, әрі жүзеге асырылмаған қуаты мен мүмкіндіктері де бар екенін ұмытпауымыз қажет. Ал, бірақ басқа қырынан қарасақ салыстырмалы түрде жастар қоғамда әлеуметтік жағынан ең аз қамтылған топқа жатады. Сондай-ақ әлі өмірлік тәжірбиесі қалыптаса қоймаған және сезімге ерік беретін жастар, көбінесе өзіне ұнаған кез-келген бір идеяның соңынан еруге дайын тұрады.
Бұдан көріп тұрғанымыздай жастар қоғамның ең күшті әрі ең осал тұсы болып табылады. Көптеген қоғамға таңсық, оның тыныштығын бұзатын идеялар жастар арқылы таралатыны тарихтан белгілі. Бүгінгі күні діншілдіктің діни мәдениеттің қалыптасуы қарқынынан озып кеткенін байқаймыз. Бұл өз кезегінде радикалды идеологияның қалыптасуына ықпал етеді. Ал радикалданудың салдары жақсылыққа апармайды. Сондықтан, діндарлықтың тым жылдам өсуі қауіп-қатерлер әлеуетін арттыруы мүмкін. Өйткені дін санаға әсер ететін күш. Ал сана жастардың өмірлік ұстанымдарын қалыптастырып, ынта мен күш-жігерлерін арттырушы құрал. Саналық негіз қалай қалыптасса, үйдің іргетасы секілді жастарда солай қарай бой түземек. Бұл туралы данышпан Абай атамыз: «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде. Тәрбие ата-анасы, ұстазы, ортасы арқылы қалыптасады. Жас өсе келе қай ортаны жақсы көрсе, сол ортаның ықпалы жастардың санасына көп ықпал етеді», деген болатын қара сөзінде. Тәрбиедегі қамқорлық маңызды құбылыс. Жастардың теріс діни ағымдарға тартылуының негізгі себептерін саралап өтсек. Оны қазіргі уақытқа дейін сарапталған мәселелермен қатар, жаңаша көзқарастар да қалыптасып үлгірді. Жастарды адастыратын теріс діни ағымдардың айла-әдістерін сипаттасақ.
Олар:
-
Отбасындағы махаббаттың жетіспеушілігі мен діни қызығушылығын оңтайлы пайдалану;
-
Санаға жеңіл патриоттық қуаты мықты теріс діни әдебиеттерді жариялау:
-
Адастыратын ақпаратқа толы интернет пен әлеуметтік желілердің санын арттыру;
-
Санаға жеңіл діни ақпараттар мен шаблондардың тартымдылығын арттыру және насихаттау;
-
Әлеуметтік мұқтаждықтары бар жастарды қаржылық ынталандыру;
-
Психологиялық әлсіздігі арқылы теріс ортаға бейімдеу;
-
Жастардың бойына діншілдік психологияны арттыра насихаттау;
-
Эмоцияларын жалған діни ақпараттар арқылы шығаруға итермелеу;
-
Психологиялық күйзелістер шеңберінде жүрген жастарға демеу болу деген секілді бірқатар діни-психологиялық әрі әлеуметтік мәселелер. Сонымен қатар, бұл мәселелердің саяси жақтары да өз алдына бөлек дүние екендігі көпшілікке мәлім. Осы орайда мемлекет жастарды теріс діни ағымдардан қорғау жолында көптеген іс-шараларды жүзеге асыруда.Зайырлылық ұстаным адам өміріне, психологиясына, көзқарастары мен өз сенімін еркін ұстануына бірден бір құрал. Жалпы радикалды идеологияны ұстанушылардың 18%-ын толық емес отбасынан шыққандар құрайды екен. Отбасынан ала алмаған қажеттіліктерін көшеден іздеген жастардың тағдыры орны толмас өкініштерге соқтығып жатады. Осының салдарынан қаншама жас отбасында ата-анасының сөзін керек қылмай, ауыр психологиялық соққы алып, өз білемдікке салынуда.