Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ОТБАСЫ БАНКІ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ФИЛИАЛЫН АШТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қаржы саласы » ОТБАСЫ БАНКІ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ФИЛИАЛЫН АШТЫ

ОТБАСЫ БАНКІ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ФИЛИАЛЫН АШТЫ

         Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде «Отбасы» тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің филиалы ашылды. Бүгін аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков нысанның ресми ашылу рәсіміне қатысып, банктің ұжымына сәттілік тіледі.
         «Ел азаматтарын баспанамен қамтамасыз етудегі ел тарихында Сіздердің банктеріңіздің алатын орны ерекше. Мыңдаған отбасылар «Отбасы» банкі арқылы үйлі болып, шаңырақтарына шаттық ендірді. Осындай банктің филиалы ауданымызда ашылып жатқанына өте қуаныштымыз!» – деді Бейсенбай Тасболатұлы.
      Айта кетейік, «Отбасы» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2003 жылы құрылған болатын. Банктің жарғылық капиталына мемлекет 100% қатысады.
          Отбасы банкі – ипотекалық кредитті 5% және одан да төмен мөлшерлемемен алудың бірегей тәсілі. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің несиелерін еліміздің кез келген жерінен тұрғын үй сатып алуға немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартуға ғана пайдалануға болады.
        Екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін табысы бар, бірақ баспанасы жоқ отбасылар (оның ішінде көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған отбасылар) «Бақытты Отбасы» бағдарламасына, ал 3,1 күнкөріс минимумына дейін табысқа ие баспанасыз отбасылар «5-10-20» пилоттық жобасына қатыса алады.
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...