Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
Қолөнер шеберлері мен кәсіпкер әйелдерге цифрлық сауданы кеңейтуге көмектесу, USAID ұсынған оқу тренингі - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » Қолөнер шеберлері мен кәсіпкер әйелдерге цифрлық сауданы кеңейтуге көмектесу, USAID ұсынған оқу тренингі

Қолөнер шеберлері мен кәсіпкер әйелдерге цифрлық сауданы кеңейтуге көмектесу, USAID ұсынған оқу тренингі

12 сәуір, 2021, Нұр-Сұлтан, Қазақстан – 8-9 сәуір аралығында Америка Құрама Штаттары өзінің халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы «Қолөнер саласындағы әйелдер: байланыс және цифрлық сауда» тақырыбында екі күндік вебинар өткізді. Ол Ауғанстан мен Орталық Азиядағы қолөнерші мен кәсіпкер әйелдер қауымына нарық сұранысын жақсы түсінуге, жаңа нарықтарды анықтауға және өнімнің сапасын жақсартуға арналған. Бұл тренинг USAID бәсекеге қабілеттілік, сауда және жұмыспен қамту бағдарламасы, сондай-ақ АҚШ сауда министрлігі мен азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының коммерциялық құқықты дамыту бағдарламасы аясында өтті.
        Оған Ауғанстанның, Қазақстанның, Қырғыз Республикасының, Тәжікстанның, Түрікменстанның және Өзбекстанның қолөнерші мен қолөнер өндіруші әйелдердің атынан 100-ден астам қатысушы, ауған әйелдерінің іскер әйелдер қауымдастығының, үкіметтік емес ұйымдардың, электрондық коммерция платформаларының және сауда- өнеркәсіп палатасының өкілдері қатысты. Бұл оқу іс-шарасы ұлттық киім, кілем және қолдан жасалған бұйымдар өндірісіндегі мәдени мұра мен дәстүрлерді заманауи маркетингтік біліммен, электрондық сауда мүмкіндіктерімен және онлайн-сату платформаларымен біріктірді. Сонымен қатар, бұл іс-шараға бизнестен тұтынушыға және бизнестен бизнеске нарығында тәжірибесі бар америкалық қолөнершілер қатысты
         Соңғы 25 жыл бойы еліміздің түкпір-түкпірінен Қазақстан қолөнершілер одағының 800 мүшесі дәстүрлі техниканы пайдаланып келе жатыр. Аталмыш одақтың төрағасы Айжан Бекқұлова вебинарда сөйлеген сөзінде: «Біз жаңа болмысқа бейімделіп жатырмыз, сондықтан да бізге қолөнерші әйелдер арасындағы байланысты қолдау үшін бар күшімізді салуымыз керек»,- деп атап кетті. Мысалы, Алматыда COVID-тің жұмысының баяулауына тап болған қолөнерші әйелдер жергілікті тұтынушылар үшін бет маскаларын және басқа қорғаныс заттарын жасай бастады. Енді олар цифрлық платформаларды пайдаланып, өз қалаларынан тыс жерлерге кеңею жолдарын іздеуде.
         USAID Орталық Азия мен Ауғанстанның қолдан жасалған ерекше бұйымдары туралы хабардарлықты кеңейту үшін электрондық каталог әзірлейді. Бұл жаңа бизнес модельдер мен электронды платформалар арқылы нарыққа қол жетімділікті кеңейтуге, жергілікті дәстүрлерді сақтауға, өнімнің сапасын жақсартуға және инновациялық технологиялар арқылы қоршаған ортаға әсерді азайтуға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, бұл күш-жігер аймақтағы қолөнерші әйелдердің ұзақ мерзімді экономикалық тұрақтылығына ықпал етеді.
###
USAID – жетекші әлемдік даму агенттігі және даму нәтижелерін жеткізудің катализаторы болып табылады. Қосымша ақпарат алу үшін Орталық Азиядағы USAID вебсайтына кіріңіз: USAID Орталық Азия веб-сайтына және Facebook парақшасына кіріңіз.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...