РОСТИСЛАВ КОНЯШКИН «ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Posted by: Қалмұрат
in Билік
12/04/2021
8 Views
12 сәуір 2021ж. Нұр-Сұлтан қ.
Ростислав Коняшкин 1989 жылы 4 қыркүйекте Жамбыл облысында дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы ММУ-ді математика мамандығы бойынша бітірген.
Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ақпараттық жүйелер магистрі дәрежесіне ие. Жобаларды басқару бойынша сертификатталған маман. 2012 жылдан 2020 жылға дейін түрлі компанияларда жұмыс істеді, оның ішінде «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ, ҚР БҒМ «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет «МК»КЕАҚ.
2020 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Мемлекеттік қызметтер мен сервистерді автоматтандыру, цифрлық құжаттар сервисін дамыту, ЭЦҚ-ны қашықтан алу, оның ішінде egov mobile мобильдік қосымшасында алу, мемлекеттік қызметтерді танымал платформаларға шығару, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру деңгейін 90% – ға дейін жеткізу, анықтамаларды қысқарту, бұлтты құжат айналымын енгізу мәселелеріне жетекшілік етті.
Қосымша ақпарат:
Анар Мағзұмова
Қоғаммен байланыс басқармасының басшысы
+7 7172 701665 (3067)
+77775552085
* * * * * * * *
Анықтама үшін: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
2021-04-12