Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
КІШКЕНТАЙ АУЫЛДЫҢ ҮЛКЕН АЗАМАТТАРЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » КІШКЕНТАЙ АУЫЛДЫҢ ҮЛКЕН АЗАМАТТАРЫ

КІШКЕНТАЙ АУЫЛДЫҢ ҮЛКЕН АЗАМАТТАРЫ

(Құрбан атаДостық ауылына 80 жыл)
          Туған жер, өскен орта әркімге қымбат та қасиетті ұғым, өшпейтін қуат көзіндей санада сақталады. Мен үшін сондай жер қиыр оңтүстіктегі туған ауылым. Ол асқар тау да,шалқар көл де, не сыңсыған орманы да жоқ өлке,өткен ғасырда байырғы байтақ аймақты аталарымыз маңдай терімен суландырып, жасыл-желекті жемісті жерге айналдырған Мырзашөлдегі кішкене ғана ауыл. Мырзашөл Сырдарияның сол жағалауындағы тақтайдай тегіс кең жазық шөл дала болған, тегістігі сондай оңтүстік жақтан күн ашық кездерде жүздеген шақырымдардағы Самарқанның таулы қыраттары көрінеді. Ауылдастардың дені Түркістан маңындағы «Балтакөлден» екінші дүниежүзілік соғыстың алдында келгендер. Жиырмасыншы-отызыншы жылдардағы қазақ халқы душар болған  ғаламат қасіреттерден кейін оларды комунистік-сталиндік зұлымдықпен еркінен тыс шөл далаға көшіріп, канал қазуға, колхоз құруға міндеттеген. Бірінші Пахтарал, кейіннен Жетісай, Киров аудандары құрыла бастағандағы колхоз аттары Большевик, Ленин, Сталин, Молотов, Калинин, Каганович, Интернационал, Ворошилов, Ильич, Фрунзе, 20-шы Партсъезд, Славянск болып кете береді. Шөл даланы игеруші халықты арбамен әкеліп тастап баспана салуға ешқандай материал бермей, машина, тракторсыз канал қазып ауыз суды Сырдан тасуға мәжбүрлеген кеңестік саясатты әкелерімізден кейінесіттік. Өзіміз де каналдың суын шелекпен тасып ішіп, ауыл көшесінің май топырағын кешіп жүріп ол өмірдің шет жағасын көрдік. Алғашқы жылдары мақта егуді бастағанда тасбақалар көп болса керек, жаңа шыққан егінді жеп кете берген. Ол туралы қазақтың белгілі ақыны Қайрат Жұмағалиев («анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» әнінің авторы) шетелдік сапарда болғанымызда айтып берген еді. Орал облысының қиыр ауданынан анасы екеуін басқа  да халықпен Жетісайға еріксіз көшіріп әкелген. Оқушы кезінде сабақтан кейін класымен апарып тасбақа жинатып, бригадир келіп өртенгендегі тасбақалардың дауысы құлағымнан кетпейді, дейтін. Жануар түгілі адамдарды да аямайтын большевиктік өкіметтің саясаты осылай болған. Ешқандай механика  жоқта қол күшімен атыздап мақта егіп, оны баптап және жинап алудағы қиындықтарды біз көріп те, қолмен мақта теріп те өстік. Алғашқы кезде каналдың жағалауын су жарып кете бергенін, талай рет ауылды су алып кететін, деп әкеміз айтатын еді. Бірде түн ортасында каналдан  су ұрып, ағыны қатты болғаны сондай топырақ толтырған қаптарды ағызып кете берген.  Ол кезде отыз жастағы әкеміз бірнеше жігіттермен қатты ағынды денелерімен қол ұстасып тұрайық, сонда қаптармен тоқтатуға болады деп,каналдың жарылған жеріне түссе,нөпір су көкіректі қысып қозғалтпай, дем алуға да мұрша бермеген, содан жігіттерді жағаға тартыпшығарып алуға тура келіпті.  Алғашқы шөл игерушілердің ерлік еңбегінің бір айғағы Жетісай музейіндегі кетпен. Ол кәдімгі кетпеннен әлденеше рет үлкен ерекше кетпенді ауылдастар «Қобылан атаның кетпені ғой, өзі ұста, екі-үш адамның жұмысын бір өзі атқаратын мықты азамат еді» -дейтін. Еш уақытта ешкімнен істеген жұмысына ақы сұрамайтын иманды әулие кісі болған. Ауылдың үлкен көшесі сол кісінің атында. Осындай  ерлік еңбек пен жанқиярлық ұмтылыстарды жас ұрпақ біле бермейді, оны айтып жеткізіп отыру біздің парызымыз.
         Ауылдың алғашқы қоныстанушылары  келіп бірінші  қазық қаққанынан бері 80 жылдай уақыт өтті. Үлкендердің көбі өмірден озды, ауылдағы мектепті алғашқы ашқан әкеміздің мектеп туралы, колхоздың құрылуы, ауданның, елдің жағдайы, тарихы жайында айтатын әңгімелерін, ойларын кезінде қағазға түсіріп алмағанымызға өкінеміз. Колхоздың үш киіз үйін бір-біріне  жалғастырып мектеп ашып,  күзге қарай тоғайдан қамыс, талдарды арбамен тасып әуелі жеркепеден кейін қам кірпіштен  там салып ауыл балаларын оқытқан. Өзі мұғалім әрі директор, пеш жағып, қарауылдап ұстаздықты бастаған мектепте мен 1953 жылы бірінші класқа бардым. Қазір сол мектепте шөл игерушілердің  төртінші, бесінші ұрпақтары білім алуда. Мектепте 400 дей оқушы бар, ал 80 жылда қаншама жастар білім алып өз ауылында, еліміздің басқа да өңірлерінде еңбек етіп отандық өнімге өз үлестерін қосып жатыр.
         Балтакөлдегі елді көшірісіп, Сталинабад, Ворошилов колхоздарын ұйымдастыруда халыққа бас-көз  болып,  алғашқы колхоз басшылары болған Смайыл Есболов, Арымбек Бопышұлы ақсақалдарды, Сталиндік айдаудан, «итжекеннен» аман оралып колхозда еңбек еткен Молдахмет, Кенжебек аталарды, елдің абзал ақсақалдары Үсенқараұлы Ахмет би, Бейсен, Байтелі, Күлен, Әбдіраман, Мәтмұса, Өтебек, Есіркеп, Мамыт қожа, Стамқұл, Әліқұл аталарды, ел ағаларыСұлтан Жұмағұлов, Шора Нәлібаев, Тас Қарабалаев, Сәрсекбай Тілеумұратов,  Мейірбек Ырсымбетов, Қазыбек Алипов, Күнту Көшенов, Төребек Әлімбетовтерді ауылдастары ардақтап еске алады. Соғыстан кейін ауылдан шыққан жоғары білімді іскер азаматтар ірі шаруашылықтарда, аудан, облыста үлкен мекемелерде  басшылық жасап, ұйымдастырушы, қайраткерлікпен  танылған арыстарды айту керек. Атап айтқанда осы үш ауданда, арада он шақты жыл Өзбекстан құрамында болғанда да абыройлы қызметатқарған Республикалық Жоғары Советтің депутатыболып, Жетісайда ширек ғасыр ауыл-шаруашылығын басқарған ағамыз Зайырбек Ахметов, аудан,облыс басшылығында қызмет атқарған Илияс Бекетов ағамыз, ауданда басшы қызметтер атқарған ағаларымыз Шүкіралда Жолдасбеков, Кенжебек Нәлібаев, Өтепбай Жолдасбеков, Төле Әдисаев елдің абыройлы азаматтары еді. Олар еліміз тәуелсіздік алған жылдарға дейін еңбек етіп құрметке бөленді. Сонымен қатар Киров ауданында 1948 жылы ең алғаш болып Социалистік Еңбек Ері атағын алған Сталинабад колхозының тұрғыны, екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Мақсұт Көбеевті ерекше атап өтсек болады. Белгілі жазушы ағамыз Еркінбай Әкімқұловтың мынау өлеңі ел ағаларына арналғандай:
Түстігім – туған жерім алтын ұям,
Мақтасы ақ бұлттай жалтылдаған.
Апайтөс, жомарт жүрек азаматтар
Тұрғанда болар әр кез халқың аман!
Кең далаң, ауыл-аймақ тұнған тарих
Барады жылдан-жылға құнарланып.
Бұлағың, өзендерің арнасынан
Асқанда жұтасың сен құмар қанып!
          Алматыда ауылымыздан шыққан үш ағамыз 60-шы жылдардан қызметте болды. Олар белгілі жазушы Еркінбай Әкімқұлов, журналист Бұхарбай Батырханов,  ғылым кандидаты, университет доценті  Жұрмағанбет Сарбасов. Кейін оларға талантты ақын ағамыз Әлібек Мейірбеков қосылды, ол Жетісайда театр директоры болып, бірнеше өлең кітаптарын шығарып республикаға  танылды. Қазіргі кезде біздің кішкене ауылдан шыққан кейінгі толқын азаматтарымыз отанымыздың астанасында, басқа да облыстарда жемісті еңбек етуде. Бәрін атап өту мүмкін емес, олардың арасында белгілі ғалымдар – экономика ғылымдарының докторы Серік Ыдырыс, Америкада докторлықдиссертация қорғап, 20 жылдай Бостон қаласында ғылыми жұмыстар жүргізіп, қазір Назарбаев университетінде ғылыми орталықтың директоры Дос Сарбасов, медицина ғылымдарының докторы Әлия Жолдасбекова, белгілі журналист жазушылар –  Қаныбек Әбдуов, Алтынбек Тастанбеков,оңтүстікте белгілі кәсіпкерлер – Мұрат Байтелиев, Еділбай Қожабергенов, астаналық Әлібек Нәлібаев,Әмірхан Әлібеков, Әсет Атабаев,Құлахмет Бекетов,шетелдерде қызметте жүрген дипломаттар – Қанат Ыдырыс, Абзал Сариевтер ата-бабалардың даңқты еңбек жолын жалғастыруда.Жауқазындай жайнаған жас ұрпаққа аталардың аманатын тума-талант Әлібек Мейірбековтың өлеңімен өрнектесек:
Сендерге еткен аманат
Бұл күнді қайран бабалар
Өмірге міндет саралап
Өсиет айтқан даналар
Еңбек ет жүрме тосырқап
Келешек өмір ғажап тым
Көркейтсін барлық жас ұрпақ
Тәуелсіз елін қазақтың.
           Міне, осындай ұрпақ жалғастығы жарасқан ауылдың келешегі үлкен де шуақты деп мақтанышпен айта аламыз.
Полат ҚАЗЫМБЕТ,
Мақтарал ауданының құрметті азаматы,
Радиобиология және радиациялық қорғау
институтының директоры,
медицина ғылымдарының докторы, академик.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...