Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЕСІРТКІНІҢ ҚАУПІ МЕН ҚАТЕРІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ЕСІРТКІНІҢ ҚАУПІ МЕН ҚАТЕРІ

ЕСІРТКІНІҢ ҚАУПІ МЕН ҚАТЕРІ

             Кәзіргі таңда нашақорлық – мейрімсіздік пен қатыгездіктің, дінсіздіктің, барлық  қылмыстың  бастауы болып табылады. Еліміздің экономикасы  артқан сайын есірткіге қарсы күрес қарқынды жүргізілуде. Өкініштісі бұл дертке  шалдыққандардың басым көпшілігі жастар болып тұр. Осы  қасыреттен талай  жас ғұмырын азаппен өткізіп қана қоймай, көктей солып, жарқын өмірмен  мезгілсіз қоштасуда. Бұл бүкіл қоғамымыздың  қауіпі мен қасіреті болып табылады.
          Есірткінің дәмін татып, оның бір сәттік алдамшы  ләззатына бой алдырып, оған тәуелді  болып, нашақор атанған адамдар ақыл-ой, сана-сезім, ар-ождан, намыс, ұят секілді адами қасиетінен жұрдай болып, өзі түскен шыңыраудан шығатын күш-қайрат таба алмайды.
          Есірткі қолдану барысында ағзаның барлық органдары  мен жүйесі  зақымданады, ашуланшақтық, ұятсыздық, бас аурулары пайда болады. Онсыз бір сәтте тұра алмай, есірткеге ақша табу үшін қылмыс әлемінің қара жолына  қалай түскенін өздері де аңдамай қалады. Есірткіні қолданып тәуелді болу жолдары әрқилы, біреулер шетелдік кинолармен түнгі клубтарға, сауықханаларға барып бой алдырса, енді біреулер күнделікті  әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларының нашарлауын сылтау етіп, келесі  біреулер  өз ортасы мен отбасында  орын алған келеңсіз жайттар мен келіспеушіліктен іштей күйзеліске түсіп, соны ұмыту  үшін есірткіні пайдаланады. Есірткіні бір рет пайдаланып дәмін татқан  адам, оны міндетті түрде  тағы  да қолданады.  Бара-бара оған тәуелді болып, қалай нашақор болғанын білмей де қалады. Есірткеге тәуелділер тек өзі ғана  емес, өзі түскен шыңырауға өзімен қоса  тағы да бірнеше  адамды қоса ала кететіндігі айдан анық, соны ұмытпаңыздар.
Д.КУЛЖУМУРОВ,
Жетісай АПҚБ-нің инспекторы,
әділет аға лейтенанты.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...