ТӘРТІП БҰЗҒАНДАРҒА ТАЛАП ҚАТАЛ
Posted by: Қалмұрат
in Әлемде
16/04/2021
20 Views
Қоғамдық жұмыс түріндегі жаза – соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Бұл жазаның түрі – қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және пайдалы жұмыстарды атқаруға міндеттейді.
Сотталғандар – жаза өтеудің белгіленген тәртібі мен ережелерін сақтауға, еңбекке адал қарауға, белгіленген жұмыс нысандарында еңбек етуге және сот белгіленген қоғамдық жұмыстардың мерзімін өтеуге сонымен бірге, тұратын жерінің өзгергені туралы пробация қызметі бөліміне хабарлауға міндетті. Бұл жаза сотталушының негізгі тұрғылықты жері бойынша, жергілікті атқару органдарымен белгіленген жұмыс обьектілерінде негізгі жұмысынан немесе оқуынан бос уақытында жазаны өтеу мерзімін күніне төрт сағаттан аспайтын уақытқа дейін орындауы тиіс. Ал егер сотталғанның негізгі жұмыс орны болмаса немесе оқу оқымайтын болса, жазаны өтеу мерзімі күніне сегіз сағатқа дейін белгіленеді.
Қоғамдық жұмыстарды атқару жазасы жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі жасөспірім баласы бар әйелдерге, үш жасқа дейінгі жасөспірім балаларды жалғыз тәрбилейтін ер адамдарға, 58 жастан немесе одан жоғары жастағы әйел адамдарға, 63 жастағы немесе одан жоғары жастағы ер адамдарға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге және әскери қызметкерлерге қатысты қолданылмайды.
Ғ.БАЙБАТША,
Жетісай аудандық пробация
қызметі бөлімінің инспекторы
әділет лейтенанты.
2021-04-16