Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
БАЗАРЛАРДАҒЫ КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН ТЕКСЕРДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » БАЗАРЛАРДАҒЫ КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН ТЕКСЕРДІ

БАЗАРЛАРДАҒЫ КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН ТЕКСЕРДІ

Бүгін Мақтарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Атакент пен Мырзакент кенттерінің орталық базарларын аралап, саудагерлер мен тұтынушылар тарапынан карантин талаптарының сақталуын тексерді.  
Рейд барысында Бақыт Насырханұлы ең алдымен «Атакент» автобекетінде жүргізушілер мен жолаушыларға санитарлық талаптарды сақтау керектігін айтып, автобустар мен шағын автобустардың ішін қарап шықты. Әрбір жолаушылар көлігінде антиспектик құралдарының болуы керектігін айтып, жолаушыларды маскасыз қабылдамау керектігін ескертті.
Сондай-ақ, аудан басшысы Атакент пен Мырзакент кенттерінде орналасқан орталық базарлардағы  азық-түлік тауарларының ассортиментімен, сапасы және бағасымен танысып, сатушылар мен тұтынушыларды әнгімеге тартты. Әлеуметтік арақашықтықты сақтау, маска кию мәселесіне өте жауапкершілікпен қарау керектігін айтты. Сондай-ақ, карантин талаптарын бұзған саудагерлерге салынатын айппұлдар жөнінде түсіндірді.
«Қазір көптеген тұрғындарымыз коронавиурс пен пневмониядан зардап шегуде. Осындай қиын кезеңде бір-бірімізге көмек беру үшін карантин режимін қатаң сақтауымыз қажет. Масканы тағып, арақашықтықты сақтап, антисептик құралдарын пайдаланып жүру арқылы – біз бір-бірімізге көмек бере аламыз, көптеген адамдардың өмірін арашалап қала аламыз. Осыны түсінулеріңіз керек!» – деді Бақыт Насырханұлы.
Айта кетейік, коронавирус инфекциясының алдын алу, шектеу шараларының сақталуын қадағалау бойынша Мақтаарал ауданында 2 мобильді топ жұмыс жасауда. Жыл басынан бері мобильді топтар тарапынан бекітілген кестеге сәйкес 2584 нысанға  тұрақты түрде рейд жасалып, жалпы көлемі 6,9 миллион теңге айыппұл салынған.
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

        ...

PEOPLE AND PLACES, SHOPS

Learning objectives(s) that this ...

САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту ...

НАУРЫЗЫМ МЕРЕКЕМ, НАУРЫЗЫМ БЕРЕКЕМ!

       Біздің ...

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...