«Шекарасыз репортерлер» ұйымы 2021 жылға арналған бүкіләлемдік баспасөз бостандығының индексін жариялады – деп хабарлайды Adilsoz.
Қуантарлығы Қазақстан ол көрсеткіш бойынша 2 сатыға жоғарылапты. Өткен жылы біздің ел 157-ші орында болса, қазір 155-ші орынға тұрақтаған. Алайда сарапшылар мұны қуантарлық жаңалық ретінде қабылдамауда. Себебі біз әлі де «нашар аймақта» тұр екенбіз.