ЕРЕКШЕ ҚАУІПТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БІРІ
Posted by: Қалмұрат
in Жаңалықтар
23/04/2021
13 Views
Елімізде заң шығару қызметі сапасы деңгейінің төмендеуінен бөлек, ерекше қауіпті мәселелердің бірі – ғылыми мектеп сабақтастығын қалыптастыра алмау. Бұл туралы M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев «Өзбекстанда заң ғылымын дамытудың және заң шығару қызметін жетілдірудің өзекті мәселелері»атты ғылыми-практикалық конференциясында мәлімдеді.
Халықаралық конференция барысында Басқарма төрағасы академиялық мансаптың тартымдылығын жоғалтуға қатысты пікірімен бөлісті.
«Қазақстанда ғалымдардың орташа жалақысы 129 мың теңгені (300 АҚШ доллары) құрайды, яғни елдегі орташа жалақыдан бір жарым есе аз. Университеттегі жас заңгер-оқытушының жалақысы корпоративті сектордағы біліктілігі өзімен тең маманға қарағанда 5 есе аз», – деді Талғат Нәрікбаев.
Спикердің айтуынша, бұлтүлектердің университеттен жаппай кетуіне және консалтингтік немесе халықаралық заңгерлік фирмалардан жұмыс іздеуіне әкеліп соқтырады: «Бүгінгі таңда Қазақстандағы белгілі заңгер ғалымдардың орташа жасы – 65 жас. Яғни, білікті ғылыми кадрлар қартайып жатыр. Сәйкесінше, дарынды студенттерді дайындайтын ешкім жоқ. Бұл вакуум өте қауіпті құбылыс және тиісті шараларды қазірден бастап қабылдауымыз керек».
Конференция барысында KAZGUU Басқарма Төрағасы жоғарыда аталған мәселені шешу үшін жоғары оқу орындарында лайықты жалақыны қамтамасыз ету арқылы жас мамандарды ғылыми ортаға белсенді түрде тарту қажет екенін баса айтты.
M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің баспасөз қызметі.
2021-04-23