Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
НАҚТЫ ЖАҒДАЙДЫ КӨРСЕТПЕУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » НАҚТЫ ЖАҒДАЙДЫ КӨРСЕТПЕУДЕ

НАҚТЫ ЖАҒДАЙДЫ КӨРСЕТПЕУДЕ

        Елімізде гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар бойынша мақалаларын танымал халықаралық журналдарда жариялай алатын PhD докторанттары  жоқ. Бұл туралы M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев «Өзбекстанда заң ғылымын дамыту мен заң шығару қызметін жетілдірудің өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтты.
         Басқарма Төрағасының айтуынша, қазіргі уақытта елімізде Scopus мәліметтер базасында индекстелген немесе Web of Science мәліметтеріне сәйкес импакт-факторы бар журналдарда мақалалары мен шолуларын жариялаған 300-ге жуық заңгер ғалым бар. Соның ішінде олардың 238-і (80%) еңбектерін «жыртқыш» атанған журналдарда жариялады.
         Конференция барысында Талғат Нәрікбаев  университеттер арасындағы QS әлемдік рейтингі жайлы пікірімен бөлісіп, қазақстандық ғылым саласындағы өзекті мәселені атап өтті.
         «QS университеттер рейтингінде Қазақстанның кейбір ЖОО-лары бар. Бірақ бұл рейтингтің әдістемесі академиялық адалдықтың шынайылығына, зерттеулердің сапасына және т.б. диагностика жасай алмайды. Мұндай рейтингтегі позицияларға көбінесе шетелдік өзге университеттердің сарапшыларымен жеке этикаға жатпайтын байланыстары арқылы және жарияланған мақалалар саны үшін жарысу арқылы және т.б. жолдармен қол жеткізеді. Сондай-ақ елімізде гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы PhD докторанттары мақалаларын жетекші халықаралық журналдарда жариялай алмайды және мақала ҚР БҒМ талап қойған соң ғана шығарылады», – деп атап өтті ол.
         M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

        ...

PEOPLE AND PLACES, SHOPS

Learning objectives(s) that this ...

САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту ...

НАУРЫЗЫМ МЕРЕКЕМ, НАУРЫЗЫМ БЕРЕКЕМ!

       Біздің ...

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...