Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

        Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай Жетісай ауданындағы жұмыс сапары барысында аудан активімен кездесті. Басқосуға Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы Қадырбек, қала, кент, округ әкімдері мен бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
       Мақсат «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 20 наурыздағы N21-VII Заңына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға тоқталды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелділіктерін талдап, салдарын саралады. Атқарылған жұмыстардың барысын арнайы дайындалған слайдтармен түсіндірді.
         Енгізілген өзгертулер бойынша сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік күшейтіліп, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, пара берушілер мен делдалдардың жазасын қатаңдату,  ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қолдануға тыйым салу және жемқорлық жасағандарға қатысты қауіпсіздігі төмен мекемелерде жазаны бірден өтеу мүмкіндігінің күшін жою жазалары қаралған.
          Сонымен қатар, жаңа заңда мемлекеттік қызметшілер, депутаттар мен судьялар үшін шетелдік шоттарға тыйым салу, жақын туыстардың бірлескен жұмысына байланысты мүдделер қақтығысын болдырмау, мемлекеттік қызметшілерге, оларға теңестірілген адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне сыйлықтар беруге толық тыйым салу секілді мәселелер нақты көрсетіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейту шаралары қолға алынған.
          Мирас Асқарбайұлының айтуынша алдағы уақытта агенттік тарапынан қылмыстық-құқықтық шаралар бойынша пара беру уәделерін немесе ұсыныстарын кримининализациялау және аса ауыр сыбайлас жемқорлықтары үшін еселенген айыппұлдардың күшін жою бастамалары қолға алынып жатыр екен.
       Заңсыз баю үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті арттыра отырып Integrity check кәсіби сатылмаушылыққа арналған тест және сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамдарды қорғаудың кешенді жүйесін енгізу ісі де қолға алынып отыр.
              Жаңа заңға енгізілген өзгерістердің әрбір тармағын мысалдармен келтіріп түсіндірген департамент басшысының орынбасары жиын соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, еркін форматта әңгіме өрбітті. Ұсыныс-пікірлерін тыңдап, ойларымен бөлісті. Жегі құрттай қоғамның дамуына кері әсерін тигізетін сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күресті бірігіп жүргізуге шақырды.
           Айта кетейік, соңғы 3 жыл ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған тұлғалар 10 млн теңгеге бағаланған 2 мыңнан астам сыйлықты тиісті органдарға тапсырған екен.
Бауыржан НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...