Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНЫНЫҢ ОРНЫНА 1 ТОННА АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕБЕТТЕРІ ТАРАТЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНЫНЫҢ ОРНЫНА 1 ТОННА АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕБЕТТЕРІ ТАРАТЫЛДЫ

АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНЫНЫҢ ОРНЫНА 1 ТОННА АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕБЕТТЕРІ ТАРАТЫЛДЫ

           Қасиетті ораза айы – жақсылықпен жарысатын ай. Осы орайда жаһандық пандемияға байланысты жылдағы дәстүр бойынша Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері мен аудандағы мешіттердің имамдары бірігіп ауызашар дастарханының орнына аз қамтылған 70 отбасыға жететін 1 тонна азық-түлік себеттерін таратты.           «Аудан бойынша әлеуметтік осал топтағы отбасылардың тізімі жасақталды. Мұнда келе алмаған отбасылардың барлығының үйлеріне жеткізіп беретін боламыз. Ол үшін ауданымыздың ерікті жастары жұмылдырылған. Алдағы уақытта мұндай игі іс-шаралар жалғасын табатын болады» – деді Бақыт Насырханұлы.
           Бұған дейін ауданның бас имамы Мансұр Айтмұхаметов ауданымызда эпидемиялық ахуалдың жақсара түсуі үшін дәл қазіргі уақытта ауызашар дастархандарының орнына мұқтаж отбасыларға азық-түлікпен көмек көрсетуге үндеген болатын. Осыған орай, Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен «Ауызашар себеті» атты қайырымдылық акциясы қолға алынды. Бұл акцияның мақсаты – ораза ұстаушылардың карантин режимін сақтауына жәрдемдесу, ауызашар бергісі келетіндердің ниетін жүзеге асыруына мүмкіндік жасау және мұқтаж отбасыларға көмек көрсету.
          Айта кетейік, ауданның бас имамы Мансұр Айтмұхаметов коронавирусқа қарсы вакцина ектіру ешқандай да оразаны бұзбайтынын хабарлаған болатын.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...