Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҒАСЫР РАДИОСЫ ЖӘНЕ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ФЕНОМЕНІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ҒАСЫР РАДИОСЫ ЖӘНЕ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ФЕНОМЕНІ

ҒАСЫР РАДИОСЫ ЖӘНЕ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ФЕНОМЕНІ

        Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы «QAZAQ RADIOLARY» ЖШС-мен бірлесіп Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдық мерейтойы аясында  Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған «Ғасыр радиосы және Ахмет Байтұрсынұлы феномені» атты халықаралық онлайн ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
         Конференцияның мақсаты –  ұлттың үнжариясына айналған Қазақ радиосының ғасырлық тарихын зерделеу, Қазақ радиосының мерейтойына қолдау көрсету, радионың табиғаты мен оның қоғамдағы рөліне ғылыми баға беру, келешек дамуының бағыт-бағдарын айқындау.
        Халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отырған онлайн ғылыми-тәжірибелік конференцияға – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Н.Омашев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, ф.ғ.к, профессор Қ.Сақ, «Шалқар» радиосының  директоры, философ. ғ.к. Б.Төлепберген, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті Журналистика факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент А.Дуйшекеева (Қырғызстан), Кастамону университеті Өнер жане ғылым факультеті Қазіргі түрік диалектілері мен әдебиеттері кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор С.Орхан (Түркия), Памуккале университетінің профессоры, PhD докторы Н.Бирай (Түркия),  Халықаралық радиожурналистиканы зерттеуші ғалым, ф.ғ.к., профессор Р.Нуриден, Әл-Фараби  атындағы Қазақ ұлттық университеті, Жабыл атындағы Қазақ әдебиеті  мен фольклорын зерттеу  орталығының директоры, ф.ғ.д., профессор Ө.Әбдиманұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті Баспасөз және электрондық БАҚ кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. К.Қабылғазина, Қазан Федералды университетінің Журналистика және медиа коммуникация жоғары мектебі ұлттық және ғаламдық медиа кафедрасының профессоры, т.ғ.к. М.Айтуганова (Ресей, Татарстан), Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті Журналистика факультеті деканының орынбасары Г.Алдашова (Қырғызстан), Қарағанды медицина университеті Тілдік дайындық кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Ш.Жалмаханов, Қазақ ұлттық  аграрлық  зерттеу университетінің профессоры, Қазақстан  педагогика ғылымдарының академигі С.Досалы, «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры,  әлихантанушы ғалым, ф.ғ.к. С.Жүсіп,  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті Қазақ тіл білімі  кафедрасының профессорлары, ф.ғ.д. А. Салқынбай және ф.ғ.д. О.Жұбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Ж.Әбдіжәділқызы т.б. елге белгілі ғалымдар мен сала мамандары қатысады деп күтілуде.
Өткізілетін күні: 13 мамыр 2021 жыл. Басталуы сағ.: 10:00.
Өткізілетін орны: ZOOM платформасы
Конференция материалдары жеке жинақ болып шығарылады.
Жарияланымның талаптары: материалдарды тапсыру уақыты 2021 жылдың   10 мамырына  дейін.
Жарияланым талаптары:
  1. Мақала мәтіні MS Word Windows бағдарламасында 5-7 беттен аспауы қажет. Кестелер, схемалар мен суреттердің атауы болуы және Windows бағдарламасы түрінде құрылуы тиіс.
  2. Беттің параметрлері: барлық жиектер 2 см.
  3. Қаріп: Times New Roman, кегль -14.
  4. Жоларалық интервал -1. Абзац:1.25 см.
5. Сілтемелерді қолдана отырып, әдебиет көздері көрсетілуі  керек. Қолданылған әдебиеттерді үлгіге сәйкес безендіру қажет. Мысалы, [7, 56]
        Мақаланың электронды нұсқасын  келесі e-mail бойынша жіберу  қажет: pernebekova.aizhan@yandex.ru
         Жинақтың редакция алқасы тапсырылған  мақала  материалдарының  мазмұнына жауап  бермейді.
Ұйымдастырушы комитеті:
       Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен  байланыс кафедрасы.
        Телерадио  және қоғаммен байланыс  кафедрасының  меңгерушісі  филол.ғ.к., доцент Дүйсенғазы  Серікзат  Мақсұтұлы – 8 701 739 81 06
        Филол.ғ.к., доцент Иманғалиев Бауыржан  Сәбитұлы – 8 701 106 35 25
        Аға оқытушы  Пернебекқызы  Айжан – 87014576677
         Аға оқытушы, радиожурналист  Омарханқызы  Гүлнұр – 87025274250

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...