Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

         Мақтаарал ауданында қазіргі таңда 2 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні қарсаңында аудан әкімі Бақыт Асанов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев ардагерлердің шаңырақтарына арнайы барып, мерекелік сый-сияпаттарын табыстады. Атап айтқанда, әрбір майдангерге 1 миллион теңге қаржылай сыйлық, теледидар және мерекелік себеттен сыйға тартты.   
           Ең алдымен аудан басшылары Мырзакент кентінде тұратын Сейтмурат Кузжанов қарияның шаңырағында болды. Ардагер 1944 жылы қараша айында Кеңес әскерінің қатарына алынып, сол жылы желтоқсанда Кавказ соғысына қатысады. Кавказдан немістерді тазалай жүріп Украина жеріндегі Десна қаласында шайқасады. 1945 жылы Венгрияның Будапешт қаласында Дунай жағасында қорғаныста тұрған. Соғыс аяқталатын тұста қолға түскен немістерді Өзбекстанның Тауажар, Шыршық қалаларына тасуға көмектеседі.
         Мұнан соң аудан әкімі бастаған топ Атакент кентінде тұратын Николай Дзецина қарияның шаңырағына аялдады. 1942 жылы Мақтаарал ауданынан әскерге кеткен Николай ақсақал Самарқанда қаласына көшірілген  Воронеждегі байланысшылар дайындау училищесінің 4 айлық курсын  бітіріп, Новосибирск қаласында 3 ай әскери қызметте болады. 1943 жылы 3- Белоруссия  майданының құрамындағы 1-ші әуе армиясының штабының  байланыс  бөлімінде қызмет етеді.  Смоленск, Витебск, Минск, Рига, Варшава  және Кенисберг қалаларын азат етуге қатысқан.
       Айта кетейік, 7 мамыр – Отан қорғаушылардың мерекесіне орай Мақтаарал ауданы мәслихатының шешімімен 338 тыл ардагеріне 30 мың теңгеден бір реттік ақшалай төлем жүргізілді. Сонымен қатар, мереке қарсаңында соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға, оның ішінде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер, 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, Семей полигоны ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған, радиациялық апаттар мен авариялардан зардар шеккен азаматтарға да 30 мың теңге көлемінде ақшалай көмек аударылды.
 Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...