Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына айтулы сый жасалды - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қаржы саласы » Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына айтулы сый жасалды

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына айтулы сый жасалды

        Halyk Bank және AYALA қоры Алматы Перинатология және  балалар  кардиохирургиясы  орталығына  заманауи  реанимациялық  жабдықтардың  18 бірлігіноның  ішінде  дене  салмағы  өте  төмен  нәрестелердің  қарқынды  терапиясына  арналған  2 инкубаторды, 5 реанимациялық  үстелді, 6 фототерапия   шамын  және  5 жоғары  дәлдікті  медициналық  таразы  берді.
       «Бұл  өте  маңызды  қайырымдылық  жобасебебі  әңгіме біздің  еліміздің   болашақ  ұрпағы – сәбилердіңжаңа  туған  қазақстандықтардың   денсаулығы  туралы  болып  отырСондықтан  Банк түрлі  әлеуметтік  маңызды  жобалар  бойынша  біздің  бұрыннан  келе  жатқан  серіктесіміз  AYALA  қорының  бастамасын  қолдады.  Осы жабдықтар мен жан-жақты  қолдаудың  арқасында    Орталық  мамандары  балаларға  уақытылы  білікті  көмек   көрсетіпдүниеге  жаңа  келген  сәбилерге  өмірлік  жолдама  беретініне  сенімдіміз» – деді  Halyk  Bank  басқарма  төрағасының  орынбасары Дәурен Сартаев.
         Алматы қаласындағы  Перинатология  және  балалар  кардиохирургиясы  орталығы – еліміздегі   ең  ірі  перзентханаЖыл сайын  мұнда  8-8,5 мың әйел босанадыоның 12 пайызы – мерзімінен бұрын босанатындар. «Біздің  орталық  2011 жылдың  қараша айынан  бастап  жұмыс  істей  бастадыБірақ  10  жыл  ішінде  медициналық  жабдықтар  моральдық  жағынан  ескіргенсондықтан  үнемі қымбат жөндеуді талап етіпжиі істен шығады
        Бізде орнатылған көптеген  модель өндірістен  алынып  тасталдыбұл  жиынтықтарды сатып алуды  қиындатады  Әсіресеқұрал-жабдықтардың  тапшылығы  неонаталдық  қызмет бөлімшелерінде  өте өзектіЕнді Halyk Bank пен AYALA   қорының қолдауының  арқасында  неонатология бөлімшесінің  барлық  қажеттіліктері   қанағаттандырылдыДәрігерлердіңірі бизнес пен  қордың   біріккен  қамқорлығы  жаңа т уған нәрестелердің  өмірі  мен  денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі», – деп  атап  өтті Алматы  қаласы  Перинатология және  балалар  кардиохирургиясы  орталығы  директорының  орынбасары  Светлана  Александровна Лисогор.
      Берілген жабдықтың жалпы құны 27 003 750 теңгені болған.
      Қарқынды  терапияға  арналған инкубатор  жылудың  реттелуі  жаңа  туған нәрестелердің дене  температурасынқажетті  ылғалдылықты  және оттегінің деңгейін бір қалыпты ұстайды.
        Ашық  реанимациялық  жүйе  шала  туған  балаларды  емдеу  үшін   оңтайлы  микроклиматтық  жағдайларды  ұстап  тұру үшін  арнайы   құрылғанӘдетте олар шала туады (салмағы өте аз)  және  нәрестелерге   терідегі  ұсақ  тесіктер  арқылы  буланып  кететін  ылғалды   жоғалтпай  ұстауы керек Дененің  қалыпты  температурасы   37,5С аспауыал іш температурасы 36,2 – 36,5С  шегінде  болуы  тиісАшық  реанимациялық  жүйеде  осы  көрсеткіштерге  қол  жеткізу  үшін  керуеттіңауаның  температурасының  жайлы  деңгейі  мен сәулелі  жылу  берудің  қуаты  белгіленеді.
     Фототерапия  шамы  жаңа  туған  нәрестелерді  емдеуге  көмектеседі.  Сәби терісінің сарғаюы – бұл  орталық  жүйке  жүйесінің   ауыр  зақымдануына  әсер ететін  уытты  билирубин  деңгейінің   ұлғаюыӘсіресе  ол  шала туған  балалардың  арасында  жиі кездеседіҚандағы  уытты  билирубиннің   жоғары  деңгейі  дамудағы  кідірістердіатетоидты  церебралды  сал ауруынішінара  немесе  толық  сал ауруын,   құрысудыесту  проблемаларын  қоса  алғандабаланың   бас миының  қайтымсыз  зақымдануына  себеп  болуы  мүмкін.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...