Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚАРАҒАНДЫДА «ЖАУЫНГЕРЛІК ДАҢҚ» ЛЕНТАСЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ҚАРАҒАНДЫДА «ЖАУЫНГЕРЛІК ДАҢҚ» ЛЕНТАСЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

ҚАРАҒАНДЫДА «ЖАУЫНГЕРЛІК ДАҢҚ» ЛЕНТАСЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

        Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы – Мәңгілік ел» кітаптар сериясының бастамасымен Қазақ халқының әскери салттарын ұлықтауға және оларды жастар арасында насихаттауға арналып шығарылған «Жауынгерлік даңқ» лентасының тұсаукесер салтанаты өтті.
      Тұсаукесер салтанатында жоба авторы Нұржан Сұршаұлы сөз сөйлеп, аталған лентаның жастарға патриоттық тәрбие беруде үлкен тәрбиелік мәнге ие екендігін  және  «Тәуелсіздігіміздің тірегі болған ұлттық мұрамыз – Отан қорғауды өмірінің мәні деп өткен батырларымыздың ел алдындағы еңбектерін және қазақтың жауынгерлік тарихын насихаттау мақсатында жарық көрген  осы «Жауынгерлік даңқ» лентасы қазақтың әскери тарихын сонау сақтар заманынан бастап насихаттайтын тәрбиелік мәні терең таспа» деп атап өтті.
        Атап айтар болсақ, бұл лентада – сонау Сақтар заманынан бастап, ел қорғауда өшпес із қалдырған – Шырақ батыр, Түркі қағанатын бодандық езгісінен құтқарған – Құтлық қаған, Қазақ-жоңғар соғысында ел қорғауда ерен еңбек еткен қолбасшы – Бөгенбай мен Қабанбай батырлар, патшалық отарлауға қарсы күрес жүргізген Исатай Тайманұлы, ұлт-азаттық көтеріліс барысында шынайы батырға бергісіз ерлік үлгісін көрсеткен – Кейкі батыр, Ұлы Отан соғысында үлкен қолбасшылық дарынымен көзге түскен – Б.Момышұлы және барша қазақ қыздарының ел қорғаудағы өшпес жолын жалғастырған – Ә.Молдағұлова, Ауған соғысында ерекше батырлығымен көзге түскен әйгілі «Қара майор» атанған – Б.Керімбаев бейнеленген.
           Сондай-ақ мұнда бейнеленген ердің бес қаруы – қазақтың жауынгерлік салты мен жолын білдірсе, ең үстінде тұрған Қазақстанның картасы мен көтеріліп келе жатқан күн бейнесі, лентаның көк түсі еліміздің бейбітшілікті сүйгіш ел екеніне меңзейді.
          Шара барысында сөз алған Қарағанды облысы бойынша  халықаралық Қазақ тілі қоғамы ұйымының төрағасы, профессор Т.Көкетаев осы сынды ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған жобалардың жас ұрпаққа аса қажет екендігін атап өтіп, алдағы уақытта «Жауынгерлік даңқ лентасының» жастар тәрбиесінде өзіне лайықты орнын алатынына сенім білдірді.
          Жалпы алғанда, бұл – «Қазақ халқының мұрасы – Мәңгілік ел» кітаптар сериясымен қолға алынған 23 жобаның бірі болып болып табылады. Осыған дейін ұйымдастырушылар «Тәуелсіздік лентасы», «Қазақ күнтізбесі» сынды бірегей жобалаларды көпшілікке ұсынған болатын.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...