СТАТИСТИКА ОСЫЛАЙ ДЕЙДІ
Posted by: Қалмұрат
in Экономика
12/05/2021
15 Views
Өнеркәсіп. Мақтаарал ауданы кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) 2021 жылдың қаңтар-наурызында кәсіпорында қолданып жүрген бағамен 5895565 млн. Теңгенің өнімін шығарып, өнімнің нақты көлем индексі бойынша өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 91,3 % құрады.
Ауыл шаруашылығы. 2021 жылдың қаңтар-наурызында Мақтаарал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 3133,5 млн. теңгені (қолданыстағы бағамен ) құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,3 % болды. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 317,1 млн. теңге, мал шаруашылығы бойынша 2816,4 млн. теңгені құрады.
Сауда. Мақтаарал ауданы бойынша көтерме сауда 533,8 млн. теңгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңіне 81,5 %, бөлшек сауда тауар айналымы 687,0 млн. болып өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 89,3 % болды.
Еңбек рыногы. Мақтаарал ауданы бойынша 2020 жылдың төртінші тоқсанында ірі, орта және шағын кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардағы жұмыс істейтін қызметкерлердің есепті саны 12,4 мың адамды құрады.
2020 жылғы төртінші тоқсанына қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 148948 теңгені құрап, бұл 2020 жылғы төртінші тоқсанына қарағанда 127,4 % құрады.
Демографиялық процестер. 2021 жылдың 1 наурызға Мақтаарал ауданындағы халық саны 133,7 мың адам, халықтың табиғи өсімі 512 адам, туу- 606 адам, қайтыс болғандар 94 адам. Тиісті кезеңде некеге тұрғандар- 151 отбасы, ажырасқандар -7. Осы кезеңде көші-қон бойынша келгендер-1216 адам, кеткендер – 5 адам.
Р.АЙДАРОВ,
Мақтаарал ауданының
Статистика басқармасының басшысы.
Мақтаарал ауданы Нәтиже Статистика 2021-05-12