Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
МАҚТА МАЙЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚШЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » МАҚТА МАЙЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚШЫ

МАҚТА МАЙЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚШЫ

       Мақтаарал ауданында Қазақстан мен Түркия елдерінің бірлескен мақта майын шығаратын зауыты іске қосылмақшы. Жалпы құны 2,152 миллиард теңгені құрайтын кәсіпорын 2022 жылы пайдалануға берілетін болады. 
         Мақтаарал ауылдық округіне қарасты Көкарал ауылында іске асып жатқан инвестициялық жоба жылына 2,9 мың тонна май, 14 мың тонна шрот шығару қуаттылығына ие. Жалпы 48 адамды жұмыспен қамтуды көздейді.
         Аудан әкімі Бақыт Асанов сол жерге арнайы барып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда нысанның ғимараты күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Сондай-ақ, Түркия мемлекетінен бірнеше тоннаға жететін құрал-жабдықтары келтірілген. Оны транспортация жасау үшін ондаған жүк көліктері жұмсалған екен.
          «Біз мақта шикізатын дайын өнімге дейін жеткізетін осындай жобаларды барынша көбейту үшін жұмыс жасауымыз керек. Сол кезде ақ алтынды шетелге арзан бағаға сатуға мәжбүр болмаймыз. Бұдан бөлек, 2024 жылға дейін Түркия мемлекетімен бірге жалпы құны 5,89 миллиард теңгені құрайтын текстиль фабрикасын іске қосатын боламыз. Жоба жылына 6600 тонна жіп иіріп, 143 адамды жұмыспен қамтитын болады. Әрі қарай оны киім-кешекке, көрпе-кілемге айналдыратын толық индустрия жасау керекпіз» – деді Бақыт Насырханұлы.
         Айта кетейік, шетелден тікелей инвестиция тарту бағытында 2021-2025 жылы Мақтаарал ауданында жалпы инвестиция көлемі 10,781 миллиард теңгені құрайтын 308 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтуды көздеген 5 жоба іске асырылуда.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СИҚЫРЛЫ САНДАР

Мақсаты:  1 – 5 ...

СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР

Б/М: Мақсаты: Балаларға өздеріне ...

АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ...

АДАСҚАН КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС

Мақсаты: Балаларды өтілген әріптерді ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты:  Ұлттық құндылықтар туралы  ...

ӨРНЕК ӘЖЕГЕ ҚОНАҚҚА БАРАМЫЗ

Мақсаты: Ою-өрнек туралы мағлұмат ...

«АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА

Мақтаарал ауданының диқандары «Алтвн ...

Ұлттық ойындар

Ата-ана қатысуымен ұйымдастырылған іс-әрекеттің ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Дағдылар: «Қатынас» «Сөйлеуді дамыту», ...

КЕЛДІ МІНЕ АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен ...