Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
«МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ» АҚ TENGRI LAB-ПЕН БІРЛЕСІП ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ӨТКІЗЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » «МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ» АҚ TENGRI LAB-ПЕН БІРЛЕСІП ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ӨТКІЗЕДІ

«МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ» АҚ TENGRI LAB-ПЕН БІРЛЕСІП ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ӨТКІЗЕДІ

          «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ журналистер мен блогерлер арасында Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін насихаттауға бағытталған ең үздік материалға байқау өткізілетінін жариялайды.
          Бұл байқау Бұқаралық ақпарат құралдары жұмыскерлерінің күніне орайластырылған және ақпараттық қауіпсіздікті насихаттау мәселелерімен айналысатын бұқаралық ақпарат құралдарын ынталандыру, сондай-ақ Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы (АҚҰҮО) мен ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының (АҚЖО) қызметін жариялау мақсатында алғашқы рет өткізілмек.
           Жүйелік интегратор АҚЖО болып табылатын және«ақылды» қалалар саласындағы IT-жобаларды, үлкен деректерді өңдеуді, жасанды интеллектті, қауіпсіздік пен бейнеталдауды іске асыру мақсатында құрылған TengriLabкомпаниясыіс-шараның ресми серіктесі атанды.
           Қатысу үшін материалды 2021 жылғы 19 мамырдан бастап 23 маусымға дейінгі аралықта баспа, электрондық, интернет-БАҚ немесе әлеуметтік желілерде жариялау қажет. Үміткерлер байқауға қатысу үшін өтінімнің толтырылған нысаны мен өз жұмыстарын (жарияланған мақалаға сілтемені немесе скан-нұсқасын және/немесе материалдың аудио-бейне жазбасын) 2021 жылғы 23 маусымға дейін (сағат 12:00) press@sts.kz электрондық мекен-жайына жіберуге тиіс.
        Байқау біліктілік талаптар қойылмай, бір тур арқылы өткізіледі де мұндабайқаудың комиссиясы тіркелген қатысушылардың арасында екі номинация – ең жақсы мақала (газеттер, журналдар, интернет-БАҚ және басқалар) және әлеуметтік желілердегі ең үздік материал(бейне, сурет, жазбалар) бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Шығармашылық жұмыстарды бағалау критерийлері байқаудың барлық қағидаларын сақтау, тақырыпты ашу, материалдардың өзектілігі, айқын және негізделген авторлық ұстаным, қорытындылардың өзіндік ерекшелігі мен дербестілігі, ұғынымды және дұрыс баяндалуы болып табылады. Екі номинация бойынша жеңімпаздар үшін басты жүлделер  – Mac book Air 13″ M1 және IPhone 12.
        Байқаудың жеңімпаздарын анықтауды құрамына іс-шараны ұйымдастырушылар мен серіктестер, сондай-ақ АҚЖО сарапшылары кіретін байқаудың комиссиясы жүзеге асырады. Байқау комиссиясының шешімі дауыс көпшілігімен қабылданады.
         Байқаудың қорытындылары шығарылып, 2021 жылғы 28 маусымда жарияланады. Марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.
         Байқауды өткізу қағидаларымен «МТҚ» АҚ-ның  STS.KZ ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
           Байланыс ақпараты: +7172 55 99 97 (ішкі 363, 351, 439), ұялы: +7 702 176 3666, + 7 778 183 88 85

 

ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҢ КИБЕРСАУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ  БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНЫМДАР БАЙҚАУ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халықтың киберсауаттылығын арттыру мәселелері  бойынша жарияланымдар байқауы (бұдан әрі-Байқау) кәсіби және кәсіби емес журналистер арасында өткізіледі.
  • Байқаудың тақырыбы – «Қазақстандықтарға төнетін киберқатерлер немесе Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігі».
1.2. Байқауды ұйымдастырушы «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ (бұдан әрі-«МТҚ» АҚ) болып табылады.
1.3. Байқау Қазақстандағы Бұқаралық ақпарат құралдары жұмыскерлерінің күніне (28 маусым) орайластырылған.
  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
2.1.Халықтың киберсауаттылығын насихаттау, қазақстандықтарды ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне тарту.
2.2. Байқаудың міндеттері:
ақпараттық қауіпсіздікті насихаттау мәселелерімен айналысатын бұқаралық ақпарат құралдарын (бұдан әрі-БАҚ) көтермелеу және ынталандыру, сондай-ақ АҚҰҮО мен АҚЖО қызметін жариялау. Бұл нарыққа тартуға және олардың ақпараттық жүйелеріне қатысты ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуына мүмкіндік туғызады;
ақпараттық қауіпсіздік пен кибергигиена қағидаларын сақтау негіздеріне халықтың қалың жігінің назарын тарту;
«МТҚ» АҚ мен АҚЖО (байқаудың серіктесі Tengri Lab тұлғасында) Қазақстандағы рөлін жариялау.
  1. Байқауды өткізу тәртібі және шарттары
3.1. Байқауға қатысуға кәсіби және кәсіби емес журналистер (теледидар, баспа басылымдары, интернет-ресурстар), соның ішінде блогерлер шақырылады.
3.2. Байқауға 2021 жылғы 17 мамырдан бастап 23 маусымға дейінгі аралықта іс жүзінде жарыққа шыққан немесе жарияланған жұмыстар мен материалдар қабылданады.
3.3. Байқауға қатысу кезінде авторлық құқық және зияткерлік меншік туралы заңнама талаптары сақталуы тиіс.
3.4. БАҚ жарнама сипаттағы хабарламаларға және материалдарға («МТҚ» АҚ мен байқаудың әріптесі туралы айтылғаннан басқа) маманданған болмау керек.
3.5. Байқауға қатысуға бір автордың немесе шығармашылық тобының 3 жұмысы ғана қабылданады.
Ұсынылған жұмыстар байқаудың мақсаттарына сәйкес болуы тиіс.
3.6. Байқаудың номинациялары:
ең үздік мақала (газеттер, журналдар, интернет-БАҚ және басқа);
әлеуметтік желілердегі ең үздік материал  (бейне, сурет, жазбалар)
3.7. Байқауды өткізу кезеңдері
МатериалБАҚ-та немесе әлеуметтік желіде орналастырылған болу керек. Әлеуметтік желіде орналастыру кезінде қатысушының профилі көру үшін қолжетімді болуы, сондай-ақ #конкурсГТС және #TENGRILAB хэштегі міндетті пайдаланылуы тиіс. Форс-мажорлық жағдайларға жол бермеу үшін қатысушылардың орналастырылған жұмыстары (сілтемелер) 2021 жылғы 23 маусымға дейін (сағат 12:00) электрондық түрде press@sts.kzмекенжайына жиберіледі.
Кеңес алу +7172 55 99 97 (ішкі 363) телефоны бойынша.
  1. Өтінімдердің мазмұнына және ресімдеуге қойылатын талаптар
4.1. Жұмыс Байқаудың тақырыбын ашуға тиіс.
4.2. Сондай-ақ, Байқауға қатысу үшін топтық жұмыстар да қабылданады.
4.3. Жұмыста іс-шараның ұйымдастырушылары мен Байқаудың әріптесі аталу керек.
4.4. Өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптар:
1) тегі, аты, әкесінің аты;
2) жұмыс орны, БАҚ атауы;
3) материалдық атауы мен көшірмесі (немесе басылымға, шығыс деректеріне  сілтеме), өңір;
4)  байланыс (ұялы) телефон нөмірі, электрондық мекенжай, пошта мекенжайы.
  1. Байқау комиссиясының құрамы және жұмыс тәртібі
5.1. Байқаудың жеңімпаздарын анықтауды құрамына іс-шараны ұйымдастырушылар мен серіктестер, сондай-ақ байқауға әріптестер ретінде қатыспайтын Kazdream Technologies АҚЖО сарапшылары кіретін байқаудың комиссиясы жүзеге асырады. Байқау комиссиясының шешімі дауыс көпшілігімен қабылданады.
5.2. Жұмыстарға рецензия бер кезінде байқаудың комиссия мүшесі келесі критерийлерді бағдарға ала отырып, оның деңгейін бағалайды:
1)байқау тақырыбының ашылуы;
2) айқын және негізделген авторлық ұстаным;
3) қорытындылардың өзіндік ерекшелігі мен дербестілігі;
4) баяндау тұтастығы және дәйектілігі.
  1. Байқаудың қорытындысын шығару
        6.1. Байқаудың комиссиясы байқау жеңімпаздарын анықтап, әр номинацияда бір жүлделі орынды береді. Байқаудың қорытындылары хаттама түрінде ресімделеді және «МТҚ» АҚ интернет-ресурсында орналастырылады.
       6.2. Байқаудың жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады, сондай-ақ олардың жұмыстары «МТҚ» АҚ интернет-ресурсында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылуы мүмкін.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...