ҰБТ СҰРАҚТАРЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІС
Posted by: Қалмұрат
in Қоғам
23/05/2021
24 Views
ҰТО басшысы Дидар Смағұлов ҰБТ-ға қандай сұрақтар қосылғаны туралы өзінің әлеуметтік парақшаларында хабарлады.
Д.Смағұлов алдымен Абылай хан атының тісі туралы сұрақтарға қатысты пікір білдірді. Айтуынша, ҰБТ – да мұндай сұрақтар ешқашан болмаған. «Кейбір ата-аналар осындай тапсырманы емтиханға дайындап жатқан шағын жеке орталықтың байқау сынақтарынан көріп, бұл сұрақты ҰБТ базасымен байланыстыра бастады. Содан соң оны бұқаралық ақпарат құралдары бірден іліп алды да (сәлем фактчекинг) мүлде басқа ой қалыптасып шыға келді, оны тіпті әлі күнге дейін беделді сарапшылар қолданып жүр. Мұндай сұрақтар ҰБТ-да болуы мүмкін емес, ең тәжірибелі педагогтар құрастырған әр тапсырма 2 тәуелсіз сараптамадан өтеді (олар да аймақтардан кәсіби мамандармен жіберілген), сонымен қатар базаға қабылданар алдында тағы бір ревизия жасалынады»,- деді ол.
Д.Смағұловтың айтуынша, барлық тест тапсырмалары базаға қабылданар алдында сондай-ақ. тағы да сарапшылармен тексеріледі екен.
2018 жылы апелляция қорытындысы бойынша 101 тест тапсырмалары дұрыс емес деп танылса, 2019 жылы – 58, 2020 жылы – 27, ал 2021 жылғы наурыз айындағы ҰБТ нәтижелері бойынша апелляцияда тек 21 тест тапсырмасы қанағаттандырылды. Сонымен қатар биылғы тесттің басты жаңалығы – Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы бойыншы нақты даталардың жариялануы.
Делназ МЕНСЕЙТОВА,
Ақтау ауылы жалпы орта білім беретін Ақтау
мектеп бөбекжай-бақша кешені.
Тасқала ауданы, БҚО.
2021-05-23