Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ШАРДАРАДА ЖАҢА БІЛІМ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » ШАРДАРАДА ЖАҢА БІЛІМ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ШАРДАРАДА ЖАҢА БІЛІМ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

     Шағалалы Шардара қаласында оқушылардың білім сапасын арттырып, есте сақтау қабілеттерін жоғарылатуға негізделген «Дарын дамыту орталығы» ашылды. Нысанның ашылу салтанатына Шардара қаласының әкімі Ережеп Бекет арнайы қатысты.
          Алматы қаласында, сонан соң, Түркия елінің Эге университетінде білім алған орталық жетекшісі Ақмарал Жақсылықова, өткен жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік бастауларына арналған 3,5 млн теңге қайтарымсыз грант жеңіп алып, 6 – 12 жас аралығындағы балаларға арналған аталмыш орталықты ашып отыр. Бұл бағытта жинақталған тәжірибелер мен ізденістердің нәтижесінде жадыны дамытуға арналған әдістемелік кітап та жазған.                 «Қазіргі кезде балалардың 90%-ы есте сақтау қабілетінің төмендігінен берілген ақпараттарды түгел қабылдай алмайды және минуттық жылдамдыққа өте баяу оқиды. Бұл – ақпараттық дамуға толы технологиялар ғасырында үлкен мәселе екені белгілі. Осы тұрғыда «Дарын дамыту орталығы» балалардың мәселесін шешуге атсалысатын болады»-деген қала әкімі жұртшылықты жаңа білім ұясының ашылуымен құттықтады.
        Оқушылардың есте сақтау қабілетін жақсартып, буындап оқуды меңгерту, логикалық ойлау қабілетін дамытып, шығармашылық қабілетін арттыру, сонымен қатар, барлық пәнді еркін меңгеруді үйрететін орталықта 48 бала білім алатын болады. Отбасылық жағдайларына байланысты көпбалалы, денсаулығында кінәраты бар және бір үйден бірнеше баласы орталықтағы дәрістерге қатысатын болса түрлі жеңілдіктер қарастырылған.
             Айта кетейік, әлемдік ғалымдар тарапынан қолдау тапқан көздің қамту аймағын ұлғайтуға арналған «Шульте кестесі», түрлі кескінделген суреттерге қарай отырып ертегі немесе оқиға құрастыруға, баланың есте сақтау қабілетін арттыруға бағытталған «Мнемотехника тәсілі», өлең шумақтарын тез жаттауға ықпал ететін «Ассоциация тәсілі», баланың тіліндегі кейбір дыбыстарды дұрыс айта алмайтын ақауларын қалпына келтіруге арналған «Артикуляциялық жаттығулар» мен есте сақтау қабілетін арттыруға бағытталған «Антиципация» тәсілдерін қолданып оқытатын орталықта баланың миына салмақ салмай, қалыпты жағдайда білім алулары үшін «Нейрогимнастика тәсілі» қолданылады.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Шардара қаласынан.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...