Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҒАЛАМДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ СОҒЫСТЫҢ БІР МАЙДАНЫНДА ҚЫЗУ ҰРЫСТАР ЖҮРУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ҒАЛАМДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ СОҒЫСТЫҢ БІР МАЙДАНЫНДА ҚЫЗУ ҰРЫСТАР ЖҮРУДЕ

ҒАЛАМДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ СОҒЫСТЫҢ БІР МАЙДАНЫНДА ҚЫЗУ ҰРЫСТАР ЖҮРУДЕ

       Бұл теңеу қазірде бүкіл әлемді жаулап алған КОВИД-19-ға қатысты  дәл келіп отыр десем артық айтқандық болмас.
          Елімізде осы ағымдағы жылдың 29 мамыры күнге дейінгі ресми дерек бойынша төрт өңір – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола және Қарағанды облыстары «қызыл аймақта» тұрса, 27-29 мамыр аралығындағы дерек бойынша  короновирустық індет белгісі бар пневманиямен мемлекетімізде 96 адам ауырып, 7 адам қайтыс болса, бұрын ауырған 90 адам сол дерттен айыққан екен.  Ал әлемде осы пандемия басталғалы бері 168 599 045 адам бұл індетті жұқтырса, қайтыс болғандар саны 3 507 477-ке жетіп отыр. Қайтыс болған адамдар саны бойынша АҚШ бұл тізімде (586 890 адам) көш бастап тұр. Бұл кеселдің одан әрі таралуын тоқтату мақсатында әдемде тез арада 1,5 млрд. дана вакцина жасалып шықса да, әлі де жағдай көңіл көншітпей тұр.  Мамандар жағдай толық түзелу үшін әлемде жаппай  вакцинизация жасалынып біту керек деген пікірде.
         Бүгінде бұл пандемиядан сақтану шаралары белгілі болғанмен, оның шығуы мен оның салдарымен күрес тәсілдеріне қатысты қатардағы адамдар түгілі, білікті дәрігерлердің өздері де әлі де нақты ортақ ұстанымға келе алмауда. Бұған негізінен ғаламторда жарияланып жатқан түрлі ақпарат таратушылар себеп болып отыр. Әсіресе, әлеуметтік желілерде қазірде өзін көрсетіп, «халықтың көзін ашқысы келетіндер» жетіп-артылуда. Солардың таратқан хабарларынан көпшілік әлемде – «Ғаламдық қастандық теориясын ұйымдастырушылар», «Ірі  фармацевтикалық корпорациялардың қомақты табыс табу үшін жасаған кезекті амалы», «Билік өкілдерінің ел тұрғындарын «екпе жасаймыз» деген  сылтаумен жаппай чиптеу арқылы, олардың әрбір қадамың аңдып отыру», «Жеке саудагерлердің қоймаларда өтпей қалған емдік дәрілерін сату үшін әлеуметтік желілерде жалған ақпараттар таратып отырғандарын» білді. Одан бөлек олар бізге «қаскөйлік мақсат көздеген арнайы топтардың короновирусты – «5G мұнаралары» мен ұшақтар және тікұшақтар арқылы әуеге ашу арқылы таратып жатқанын да жеткізді».
         Өкінішке орай, сондай жалған ақпараттардың салдарынан қарапайым адамдар қатты зиян шегіп жатыр. Мысалға елімізде 2020 жылдың жаз айларында короновирустық белгісі бар пневмания өршіп тұрғанда, ел тұрғындары дәріханалардан қарапайым маскалар мен ыстық түсіруші дәрілерді таба алғанның өзінде 10-даған есе қымбат бағаға сатып алуға мәжбүр болды. Кейбір жерлерде дәріхана иелері адам денсаулығынан гөрі жеке пайдасын жоғары қойып, қажет дәрілерді жоғары бағамен саудалағаны туралы да айтылды. Сонымен бірге, жеке адамдар да жел сөздерге сеніп, сақтық ретінде қажет дәрілерді өте көп мөлшерде сатып алып, қолдан дәрі жетіспеушілігін жасағаны да есте. Сондай-ақ, «індетті жоюшы ерекше өнімдерді» сатушылардың да қолы жүрді. Әлеуметтік желілердің арқасында әлемде «қайнаған су», имбир, сарымсақ, ас содасы, «инфекция атаулыны жоюшы спиртті ішімдіктер» жан-жақты дәріптеліп, бірнеше есе қымбатқа саудаланса, ел аумағында оған адыраспан да қосылып, ол бірден қат өнімге  айналып кетті. Сол жағдай билік органдары тарапынан қолданылған тәртіптік шаралар мен түсіндірулердің арқасында біршама реттеліп, жағдай тұрақталды.
          Осындай ақпараттардың арқасында ел тұрғындары арасында  ең басынан-ақ, ресми хабарламаларға деген сенімсіздік басым болды деуге болады. Тіпті кейбіреулер  жұқпалы ауруларды емдеу бойынша білікті мамандардың кеңесінен гөрі, «Ухандық ауруханада жұмыс істеген жас дәрігер Юрий Климов» пен «Италия ауруханасында жұмыс істеп жүрген вирусолог Андрейдің»  сөздерін құп көрді. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресін» дегендей, жаппай екпе жұмыстары басталар алдында жалған ақпараттардың саны тағы да бірден артып кетті. Әлеуметтік желілерде ресми айтылған мерзімнен бұрын-ақ, «дәрігерлер мен халықпен тығыз жұмыс істейтін мамандарға екпелер жасалғаны, солардың ішінде вакцинаны көтере алмай қайтыс болып кетіп жатқандар туралы» жазбалар мен қолдан құрастырылған бейнежазбалар қаулап кетті. Осы жаппай екпеге қатысты жырдың өзі де бір төбе деуге болады.  Оған қатысты ақпараттар тіпті жоғары деңгейдегі саяси құралға да айналды. Мысалы ресейлік БАҚ-тар, өздерінде жасалған «Спутник-V» вакцинасын жер-көкке мақтап, ал АҚШ пен Еуропа Одағында жасалған вакциналардың кемшіліктерін тізіп көрсетсе, қарсы жақ өз кезегінде «Спутник-V»-ның  «клиникалық тексеруден толық өтпегендіктен, оған сенім аз екендігін» айтумен және сол себептен оны басқа елдерге  сатып алмауға шақырды. Осындай әдістермен әлем елдері өз вакциналарын мақтап, оны барынша саудалауға кірісті. Ал, әлеуметтік желілерде сол вакциналардың зияндығын, «шын мәнінде оның тек сұйық формадағы чиптер»  екендегі туралы мәліметтер жетіп-артылады. Дәлел ретінде тек екпе жасалған жерге ғана жабысып тұрған магнит туралы бейнеролик көрсетіледі. Мұның жалған ақпарат екендігі қанша жерден айтылса да, кейбір адамдар оны шындыққа жақын ақпарат ретінде қабылдауда. Бұған себеп те жоқ емес, 2020 жылдың бас кезінде атақты миллиардер Билл Гейтс кеселдің жолын тоқтату үшін адамзатты чиптеу туралы өз ойын айтқан еді. Сол ұсынысты екпе жасатуға қарсылар өздерінің басты қаруларына айналдырып алып, «ақпараттық құралға» айналдыруда.
          Сонымен короновирусқа қатысты «ақпарат майданында» ресми органдарға қарсы бүгіндері негізінен «кімдер соғысуда?». Әлеуметтік желілердегі ақпараттарды сараптай отырып олардың қатарына – АҚШ сенаторы Роберт Кеннеди, халық арасында кез-келген мемлекеттік құрылымдарға сенімсіздік тудырып, әлемдік анархияны орнатқысы келетін анархистер,  бір сәттік жеке пайда табу мақсатында әрекет етуші нақты бір топ немесе жеке адамдардарды жатқызуға болатын сияқты. Егер де, әлеуметтік желілерде «емдік кеңес берушілердің» басты мақсаты өз көрсетілімдерін арттыру болса, жоғарыдағылардың мақсаты барынша экономикалық кіріс түсіруді көздеуде деуге болады. Бір әттеген-айы олар өз қызметтерін жоғары деңгейде жүзеге асыруларының салдарынан қарпайым адамдардың билік орындарының мәлімдемелеріне сенімдері азаюда. Әрине, билік орындары мен тиісті мекемелер ондай мәліметтерді жоққа шығарумен келеді. Бірақ ол мәлімдемелер дер кезінде жасалмағандықтан, әзірге оның әсері оншалықты болмай тұр. Алдағы уақытта ол қателік реттеледі деген сенімдеміз, әйтпесе «ақпарат майданында олардың жеңістеріне гөрі, жеңілістері көп болатыны» анық.
Қалмұрат ДӘУЛЕТБАЕВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...