ИГЕРІЛМЕГЕН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ МЕМЛЕКЕТКЕ КЕРІ ҚАЙТАРЫЛУДА
Posted by: Қалмұрат
in Билік
04/06/2021
25 Views
Мақтаарал ауданында игерілмеген жер телімдері мемлекетке кері қайтарылуда. Бұл туралы Түркістан облысының БАҚ өкілдеріне берген брифингте аудан әкімі Бақыт Асанов мәлімдеді.
«Жер ресурстарын тиімсіз пайдалану мәселесі ауданда өте өзекті болып отыр. Мемлекеттен жерді тегін жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отыр. Бұл мәселе Мемлекет басшысының Жолдауында да аталып өткен» – деді Бақыт Насырханұлы.
Биыл Мырзакент кенті аумағынан жеке тұлғалардың кәсіпкерлік мақсаттағы берілген жер телімдерінен 11 жер учаскесінің игерілмегендігі және құрылыс жұмыстары жүргізілмегендігі анықталып, ҚР-ның Заң талаптарына сәйкес тексеру жүргізу үшін Түркістан облыстық Жер инспекциясы басқармасына хат жолданған.
Тұрғын үй мақсатында пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару шараларын жүргізу барысында ауданға қарасты Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі аумағында орналасқан тұрғын үй мақсатында берілген 52 жер учаскелерін зерделеу барысында 23 жер учаскелері осы таңға дейін тиісті мақсатында пайдаланылмай жатқаны анықталып, акт түзіліп, мемлекет меншігіне қайтарылыпты.
Еңбекші ауылдық округіндегі пайдаланылмай жатқан 11 жер учаскенің 1-еуінің күші жойылса, қалғандарына заң талаптарына сәйкес кері қайтару жұмыстары жүргізілуде. Иіржар ауылдық округінде де пайдаланылмаған 1 жер учаскесінің шешімінің күші тоқтатылған.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
2021-06-04