Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЕСКЕРТІЛДІ, ДЕМЕК ҚАРУЛАНҒАН! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ЕСКЕРТІЛДІ, ДЕМЕК ҚАРУЛАНҒАН!

ЕСКЕРТІЛДІ, ДЕМЕК ҚАРУЛАНҒАН!

          Ақпараттық қауіпсіздік – бүгінде әлем бойынша ең өзекті мәселеге айналып отыр. Оған КОВИД-19  індеті де жанамалай әсер етті деуге де болады. Себебі, осы кеселден сақтанған әлем халқының басым бөлігі қашықтағы яғни үй жағдайындағы жұмысқа ауысса, көптеген отбасылар үйлерінен аса қажет сәтте ғана сыртқа шығуға мәжбүр болды. Осылайша  ғаламторға кіретіндердің саны күрт артып кетті. Ал бұл ғаламторда алаяқтықпен айналысатындар үшін барынша қолайлылық тудырды. Мамандардың айтуынша мысалға осыдан жиырма жылдай бұрын компьютер арқылы күніне орта есеппен 100 шақты рет алаяқтық  шабуылдаулар тіркелетін болса, қазіргі күні олардың саны бір күннің өзінде 360 мыңға (!) жетіпті.
           Бүгінде әлем елдерінің барлығында дерлік сондай шабуылдардан мемлекеттің және ел тұрғындарының құнды ақпараттарын  қорғайтын арнаулы қызметтер жұмыс атқарады.  Біздің елде де сондай мекемелер бар. Олар – Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қазақстандықтарға төнетін киберқатерлерді жоюмен айналысатын «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ мен АҚЖО (Tengri Lab) десек артық айтқандық болмас.
           Қазірде әлемде киберқылмыс негізінен шпиондық және ұрлық-қарлық деген екі түрге бөлінеді екен. Алғашқысында белгілі бір елдің мемлекеттік, әскери, стратегиялық және белгілі бір алып компанияның (өндірістік шпионаж) құпия деректерін ұрлаумен айналысса, екіншісінде негізінен қаржы ұйымдары мен жеке азаматтардың қаржыларын алаяқтық жолмен алдап алумен шұғылданады. Екі қылмыста белгілі себеппен негізінен дамыған елдерде кең тараған. Осыдан бірнеше жыл бұрын зиянды компьютерлік бағдарламаның әсерінен Иранда атомдық реактордың центрафугасы істемей қалса, мамырдағы АҚШ-тың шығыс бөлігін қажетті жанар-жағармайдың жартысына жуығымен қамтамасыз етуші Colonial Pipeline-нің труба жүйесі хакерлердің қаскөй әрекетінен бірнеше күн істемей қалды. Компания басшылары хакерлерге ақша төлеген  соң ғана жағдай қалыпқа келгені кейіннен белгілі болды.  Ақпараттық технологияның қарқынды дамуының арқасында бұндай қатерлер біздің  елге де кез-келген сәтте төнуі мүмкін.
            Осы жерде әрине «ақыры кімнің хакерлік шабуылмен айналысып жатқаны белгілі екен, онда неге олар заң бойынша өз жазасын тартпайды?» деген орынды сұрақ туындайтыны рас ғой. Өкінішке орай, әлем елдері бұл бағытта бірлесе күрес жүргізейік дегенмен, әлі күнге дейін ортақ келісімге келе алмауда. Сондықтан әр ел тек өз аумағындағы хакерді ұстап алуға шамасы жетуде. Ал көрші елдің азаматы сондай қаскөйлік әрекетке барса, оны әлі дәлелдеу керек, ал былайша ауызша айыптауға бола ешбір ел өз азаматын өзге елге беріп, қарап отырмайды. Соны жақсы білетін хакерлер шекарадан аспай өз елінде жүре береді.
         Бұл саланың сарапшылары көп жағдайда жазасыз кетіп жататын хакерлердің шыққан орталарына байланысты нақты бір саламен айналысатын ерекшеліктерін айтуда. Егер қытайтілдес киберқылмыскерлер ботнеттермен шұғылданса, Латын Америка, яғни испан және португалтілдес алаяқтар негізінен қаржылық істермен, есеп-шоттар мен кредиттік карточкаларға қатысты қылмыспен айналысады екен. Ал құпия сөздік бағдарламалар бұл орыстілдес қылмыстық топтардың «жеп отырған наны». Сол себепті де, бүгінде егер де АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінің бірінің маңызды компьютерлік бағдардамалар күтпеген жерден істен шығып, нәтижесінде маңызды бір нысан  жұмысын тоқтатса немесе қаржылық ұйымдардың электрондық қорларынан белгісіз себеппен ақшалар жоғалса, бірінші кезекте солар күдікке ілігеді екен. Ал ондай алаяқтармен нақты күресе алатын мамандардың топтары АҚШ-тың «Кремни алқабында», Израил мен Ресейде ғана бар екен. Егер қазірде ФБР-дің белсенді іс-әрекетінің арқасында АҚШ аумағында ірі хакерлік бандылар топтары жойылса, Израилдік қауіпсіздік қызметі ел хакерлерін «еркін тыныстатпай» отыр екен. Ресеймен бәсекелес елдердің пікірінше компьютерлік бағдарламалауды жақсы меңгерген хакерлерді орыс билігі өз ырқында ұстай алмауда немесе өзге елдерге қарсы шпионаждыққа пайдаланып отыр. Әрине, Ресей үкіметі бұл айыпталарды теріске шығаруда.
         Әрине, кез-келген қазақстандық, «Алып елдер мен бақуатты компаниялардың құпиялары мен ақшаларын тонайтын киберқылмыскерлер менің аз-маз ақшам немесе мен еңбек ететін мекеменің арзымайтын бір құпиясы несіне қызықтырады»- деп ойлауы да мүмкін. Шындығында  ақпараттық технологиялардың арқасында әлем елдері өзара өте тығыз қарым-қатынаста болып отырған мына заманда білікті хакер дүниенің екінші бір шетінде тұрып-ақ, бір амалмен сіз туралы өзіне қажетті ақпаратты ала алса, есеп-шотыңыздағы ақшаны сыпырып алғаны аздай, сіздің атыңыздан қомақты қарыз ақша да ала алады. Ермек үшін мемлекеттік секторлардың маңызды жұмысын тоқтатып, соның салдарынан мемлекетіміз миллиондаған сомада қаржылай шығынға ұшырауы анық.
            Жоғарыда аталған «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ мен АҚЖО (Tengri Lab), ел тұрғындары мен мемлекеттік сектор мен жеке бизнес  өкілдерін осындай жайларға тап болмаулары бағытында ақпараттық ескерту жұмыстарын атқарып, тұрақты түрде компьютерлік алаяқтық істерден сақтандырып отырады. Соның арқасында ел аумағында ірі кибералаяқтық оқиғасы  тіркелмеген екен. Атақты  «Ескертілді, демек қаруланды» деген сөз дәл осы жайға тураланып айтылғандай болып тұр.
Қ.ҚУАНЫШБЕКҰЛЫ,
журналист.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...