ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚ САНЫ ӨСТІ
Posted by: Қалмұрат
in Қоғам
07/06/2021
23 Views
Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын айтты. Берілген мәлеметке сүйенсек халық саны 19 миллионға жуықтаған.
Халықтың өсімі жыл басымен салыстырғанда 83340 адамды құраса, жалпы саны 18 миллион 962 мың 892 адамға жетті. Яғни, жыл басында бұл көрсеткіш 18 миллион 879 мың 552 адамды құраған.
Халық санының өсуі бойынша бірінші орында – Алматы облысы. Мұнда 2 миллион 86 мың 387 адам тұрады. Жыл басынан бері +15809 адамға көбейген. Ал екінші орынға 2 миллион 52 мың 484 тұрғыны бар Түркістан облысы жайғасқан. Бұл аймақтың халық санының өсуі + 15694 адамды құраған.
Ал, Алматы 1 мамырдағы жағдай бойыншп 1 миллион 993 мың 67 тұрғынымен үшінші орынға жайғасқан. Төртінші орында 1 миллион 993 мың 67 адамы бар Қарағанды облысы тұрса, Шығыс Қазақстан облысында 1 миллион 362 мың 583 тұрғын бар. Төрт айда Нұр-Сұлтан тұрғындарының саны 14 мың 672 адамға артқанын ескерсек,1 мамырдағы елорда тұрғындарының жалпы саны 1 миллион 199 мың 83 адамды құраған.
Халық санының өсуі Алматы ( +15 809 адам ), Шымкент ( +15 694 ) және Нұр – Сұлтан ( +14 672 ) қалаларында байқалған.Солтүстік Қазақстан облысында қайтыс болғандар саны туылғандар санынан 407 адамға артық. Жалпы , 2021 жылдың төрт айында Солтүстік Қазақстан облысының халқы 1 536 адамға азайды. Қостанай облысының халқы да 1374 адамға азайды. Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарының саны 1 214 ке азайды . Қазақстанның ауыл тұрғындарының саны 1 мамырдағы жағдай бойынша 7 миллион 741 мың 832 адамды құрады. Елдегі қала тұрғындарының саны 11 миллион 221 мың 60 адамды құрайды.
Ақерке КӨКТЕУБАЙ
№4 Тілеміс батыр атындағы ЖОМ-ның 11-сынып оқушысы.
Ақтоған ауылы, Меркі ауданы, Жамбыл облысы.
Қазақстан Халық өсімі Халық санағы 2021-06-07