Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ХАЛЫҚТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ДЕГЕН СЕНІМІН АРТТЫРУДЫҢ БІРДЕН-БІР ЖОЛЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » ХАЛЫҚТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ДЕГЕН СЕНІМІН АРТТЫРУДЫҢ БІРДЕН-БІР ЖОЛЫ

ХАЛЫҚТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ДЕГЕН СЕНІМІН АРТТЫРУДЫҢ БІРДЕН-БІР ЖОЛЫ

           Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарындағы Әдеп жөніндегі уәкілі Нұрбол Саттаров 8 маусым күні мемлекеттік қызметшілердің арасында Әдеп кодексінің орындалуы бойынша жиын өткізді.  
         Іс-шараға аудан әкімінің орынбасарлары, кенттер мен ауылдық округі әкімдері, дербес бөлім басшылары мен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.
         Нұрбол Жақсылықұлы мемлекеттік қызметшілердің әдебі бойынша нақты 4 мәселеге тоқталды. Атап айтқанда, мемлекет мүлкін дұрыс пайдалану, іскерлік киім үлгісін сақтау, қызметтен тыс уақытта да әдепті болу және көмек сұрап келген тұрғындармен сыпайы әрі мәдениетті қарым-қатынаста болу керектігін айтты. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің имиджіне кері әсерін тигізетін іс-әрекеттер орын алған жағдайда көрілетін шаралар туралы да ескертті.
       «Аудандағы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы мен  мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары бойынша тұрақты түрде әлеуметтік желілерге мониторинг жұмыстарын жүргізіп, бақылауыма алатынымды ескертемін. Сондай-ақ, алдағы уақытта мемлекеттік органдарға жоспар бойынша тексеру шараларын ұйымдастырып, анықталған оқыс оқиғалар бойынша қатаң шаралар көрілетін болады» – деді Нұрбол Жақсылықұлы.
        Әдеп жөніндегі уәкіл жиынды қорытындылай келе әрбір мемлекеттік қызметші қызмет уақытында және қызметтен тыс уақытта әдептілікті сақтап,  қоршаған ортасына жанаршылық, адамгершілік танытып, осы елдің нағыз патриоты екенін көрсете білсе – халықтың мемлекеттік билікке, мемлекеттік қызметке және мемекеттік қызметшіге деген оң көзқарасы қалыптасып, сенімі артатынын айтты.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...