Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
БҮГІН БЕСІНШІ GO VIRAL ӨҢІРЛІК ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » БҮГІН БЕСІНШІ GO VIRAL ӨҢІРЛІК ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

БҮГІН БЕСІНШІ GO VIRAL ӨҢІРЛІК ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

         2021 жылдың 11 маусымында Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер және Алматыдағы АҚШ бас консулы Эрик Майер бесінші Go Viral 2021 инновациялық идеялардың өңірлік фестивалін ашты. Ұйымдастырушылар Орталық Азияның бес республикасы, АҚШ, Голландия, Қытай, Украина, Франция, Италия, Швейцария, Колумбия, БАӘ, Ресей, Германия, Оңтүстік Корея және т.б. секілді 18 елден келген 2378 қатысушыны қарсы алды. Биылғы жылы 50 астам спикер презентацияларын, перфоманстарын, фильмдерін және воркшоптарын онлайн және офлайн аралас форматта көрсететін болады. 11-нен 20 маусымға дейін тіркелген қатысушылар Алматыдағы (Hide Park), сондай-ақ Душанбедегі, Ташкенттегі және Бішкектегі Go Viral 2021-ге қатысады.
         «Барлықтарыңызды Орталық Азия елдерінің тәуелсіздігінің 30 жылдығымен және Go Viral фестивалінің бесжылдық мерейтойымен құттықтау мен үшін үлкен мәртебе. Екіжақты серіктестіктің және әріптестіктің 30 жылында біз көп жетістікке жеттік. Пандемия – біз жұмыла жұмыс істегенде мықты болатынымыздың дәлелі. Бізге жергілікті ғана емес, сондай-ақ өңірлік және жаһандық деңгейдегі ортақ мәселелердің жауаптарын табу үшін жас, белсенді адамдар мен креативті идеялар керек. Мен Go Viral 2021 фестивалі журналистерді, кәсіпкерлерді, режиссерлер мен музыканттарды нетворкингті нығайту және ортақ мәселелерді тиімді шешу үшін әлеуметтік желілер мен технологияларды пайдалануға шабыттандырады деп үміттенемін», – деді Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер.
        Go Viral 2021 – (бей)таныс Орталық Азия тақырыбының негізінде жатқан идея, аймақты өзіңе және бүкіл әлемге әртүрлі көзқарастан және ракурстан жаңаша ашуға мүмкіндік беру болып табылады. Биылғы жылы Go Viral көптеген деректі фильмдерді, АҚШ пен Орталық Азия елдерінің арасындағы музыкалық әріптестікті, технологиялардағы әйелдер туралы, денсаулық сақтаудағы технологиялар туралы, Орталық Азия стартаптардың жаңа жаһандық нарыққа қалай шығып келе жатқандығы туралы жинақтама пікірсайыстарды көрсетеді, сондай-ақ 1991 жылдан бері туған Орталық Азияның келешек көшбасшыларымен жинақтама пікірсайыс жүргізеді. Негізгі баяндамалар құқыққорғаушы және ғылыми журналистикаға, деректер журналистикасына қатысты болады, сонымен қатар экологияны қорғау, климаттың өзгеруі, әйелдерге білім беру және мүмкіндіктері мен құқықтарын кеңейту сияқты біздің аймақтағы маңызды мәселелер туралы сөз қозғалады. Фестивальде квесттер, викториналар, байқаулар және көптеген басқа сайыстар өтеді.
        Go Viral 2021 спикерлері өз-өзіңе қайта мән берудің жаңа тәсілдерін ұсынады, инвестицияларды қалай орынды құюға болатыны туралы айтады және мәдениеттер арасындағы келіссөздердің үздік стратегияларының құпиясымен бөліседі. Chevron Kazakhstan қолдауымен өткізілетін StartUp Go 2021 питчинг-сессиясы Орталық Азияның 10 үздік стартапын көрсетеді, олар әлеуметтік аспектісі бар бизнес жобаларды бастау үшін 6 000 АҚШ доллары жүлдесіне бақ таластыратын болады. Жобаға бүкіл Орталық Азиядан барлығы 56 стартап өтінім берген. Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның және Өзбекстанның 10 финалисті Astana Hub-тан арнайы тренинг алады. Ол өз кезегінде финалға қатысушылардың жобасын питчинг-сессияның алдында күшейтуге көмектеседі. Стартапшылардың жобалары білім беруге, денсаулық сақтауға, жастарға арналған қаржыға, ауаның ластануына, копирайтингке және жеткізілімге жұмылдырылған.
      Биылғы жылғы бірқатар белгілі спикерлер мен тақырыптар:
      Бизнес:
  • Крис Бюрри (Chris Burry, АҚШ) «Кремний алқабын ғаламдық нарыққа шығу үшін қалай пайдалануға болатыны»туралы айтып береді.
  • Rational Games, Inc.компаниясынан Марк Янгтың (Mark Young, АҚШ / Германия) воркшопында қатысушылар «Келіссөздерді қызықты етудің» жолдарын біледі.
  • Әзірбайжан Көлік, байланыс және жоғары технологиялар министрлігінің өкілі Рашад Байрамовтаңғажайып презентация жасаудың бес құпиясымен бөліседі.
        Медиа:
  • Эд Каши (Ed Kashi) мен оның әріптесі Джули Винокур (Julie Winokur)бағдарламалық баяндама жасаудың көмегімен бүкіл әлемде құқыққорғаушы журналистиканы түсіндіретін болады. Өздерінің «Гиперлокальды баяндауында» олар қысқаметражды деректі фильмдерді түсірген кезде тамаша оқиғаларды қалай жалғыз жасауға болатынын әңгіме етеді.
  • Юю Жудың (Youyou Zhou)деректер және визуализация бойынша журналисткасы «Дата-журналистиканың көмегімен COVID-19 пандемиясын түсіндіру»туралы айтып береді.
  • Айғаныш Айдарбекова журналистердің деректерді қалай тексеріп, ашық дереккөздер арқылы қалай тергеу жүргізетіні туралы баяндайды .
  • Binocle Mediaстудиясының Орталық Азиядағы білім беру туралы «Учитель» (Ұстаз) фильмінің премьерасы, Қанат Бейсекеев және Қайрат Нұрмағамбетов. Көрсетілім және талқылау Hide Park-те өтеді.
  • Фарход Калонов – «Әлемді влогтаған Тәжікстан жігіті»
       Технологиялар:
  • Ренат Әлімбековпеноффлайн пікірсайыс – «Денсаулық сақтаудағы технологиялар».
  • Президент сайлауындағы деректер туралы ғылым (Data Science) және саясаттағы әлеуметтік желілердің ролі.
  • Facebook-тымашинамен оқыту жөніндегі практик, WhatsApp деректері құпиялылығының басшысы, сондай-ақ Яндексте, Alibaba және X5 Retail Group жұмыс істеген Валерий Бабушкиндеректерді өңдеу мамандарына неліктен сұраныс жоғары екенін айтады. Сондай-ақ басқа да көптеген тақырыптар мен спикерлер.
Мәдениет:
  • 18 маусымдағы Go Viral 2021 бағдарламасына Орталық Азиядағы АҚШ дипломатиялық өкілдігінің «48-сағаттық киножарыс: Big Day!» жобасының бағдарламасы біріктірілген. .
  • Саодат Исмаилованың «Қырық қыз»театралдандырылған көрінісі (онлайн).
  • 16 маусымда Walking Almatyалматылықтарды Bloomsday халықаралық қозғалысын қолдау үшін Almatian Navigationқалалық квесті кезінде Алматыны өздеріне тағы бір мәрте ашуға шақырады.
  • Голливудтық дыбыс режиссурасының ардагері Мидж Костинмен (Midge Costin, АҚШ) «Медиадағы дыбыстың күшін ашыңыздар»воркшопы және «Толқындар бойымен: Кинодағы дыбыс өнері» атты деректі фильмінің көрсетілімі.
  • Фестивальдің соңғы күнінде АҚШ-тың SubRadio музыкалық тобы өнер көрсетеді (онлайн). Сондай-ақ АҚШ, Қазақстан мен Қырғызстанның жергілікті музыканттарымен музыкалық коллаборациясы көрсетіледі.
        Орталық Азия мен АҚШ-тың бірқатар режиссерларымен кинопікірсайыс өтеді: Қуаныш Бейсеков (Қазақстан), Әділхан Ержанов (Қазақстан), Мидж Костин (АҚШ), Қанат Бейсекеев (Қазақстан), Аниса Сабири (Тәжікстан), Истеъдод Усманов (Өзбекстан).
       Фестивальдің кестесімен goviral.kz сайтында танысып, оған тегін қатысуға тіркелуге болады. Сонымен қатар ақпарат 11 маусымнан бастап Go Viral жаңа мобильді қосымшада ашық болады.
      Толығырақ білу үшін  InstagramFacebookTelegram  және YouTube әлеуметтік желілеріндегі Go Viral аккаунттарына жазылыңыздар.
     Кейбір воркшоптарға орындардың саны шектеулі екенін назардан тыс қалдырмауларыңызды өтінеміз.
      Go Viral 2021 басталғаны туралы визуалды материалдарды, фотосуреттер мен бейнежазбаларды осы жерден жүктеп алуға болады.
Хэштэгтер: #GoViralCA2021 #GoviralCA
Go Viral 2021 фестивалінің баспасөз орталығы:
Далида Накупова, тел.: +7 701 222 2850; dalida.pr@gmail.com, media@goviral.kz

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...