Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
«ҰБТ СЕРТИФИКАТЫНЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҒЫН 2 ЖЫЛҒА ҰЗАРТУ КЕРЕК» - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » «ҰБТ СЕРТИФИКАТЫНЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҒЫН 2 ЖЫЛҒА ҰЗАРТУ КЕРЕК»

«ҰБТ СЕРТИФИКАТЫНЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҒЫН 2 ЖЫЛҒА ҰЗАРТУ КЕРЕК»

         MEDIA CLUB QAZAQSTAN платформасында мектеп түлектеріне арналған тікелей эфир өтті. Эфир барысында, білім саласындағы сарапшылар жоғары оқу орны мен мамандықты дұрыс таңдау мәселесін талқылап, мектеп бітірушілерге ақыл-кеңес берді.
         М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-дің Басқарма Төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан ҰБТ сертификатын 2 жылға жарамды қылу керек деген ұсыныс айтты. Оның себебін былай түсіндіреді.
         «Биыл Қазақстанда 150 мыңға жуық оқушы мектеп бітірді. Қазіргі таңда әр түлектің алдында мамандығына сәйкес университет таңдау міндеті тұр. Олардың көбі «грант болса, болды» деп, армандаған мамандығында оқымай, қателесуі де мүмкін. Өйткені біздің елде «ЖОО-ға міндетті түрде мектеп бітірген жылдан қалмай түсу керек» деген стереотип бар. Сондықтан ҰБТ-ның сертификатын 2 жылға жарамды қылу керек. Осы уақыт ішінде түлек өзінің қай салада оқығысы келетінін анықтап, мамандығын таңдап, мақсатын айқындай алады»,- деген ұсыныс білдірді.
         Ерболат Мұхамеджанның идеясын  BTS Education компаниясының Бас директоры Саясат Нұрбек қолдап, 11 сыныптан кейін үзіліс алу шетелде қалыпты жағдай екенін айтты.
         «Мектепті бітірген жылы университетке түспесең өмірің бітті деген Кеңес Үкіметінен қалған түсінік бар. Дамыған елдерде өз-өзіңді толығырақ тануға көмектесетін Gap Year ұғымы бар. Өкінішке орай, қазір ата-ана мен оқушы ҰБТ тапсыруға 1-2 апта қалғанда мамандық таңдайды. Аты әдемі естіледі деп өзім «Халықаралық құқық» мамандығында оқыдым. Энергияға толы 5 жыл жастық шағым босқа өтті. Бұл салада қызмет етпедім. Адамның алдағы 50 жылдық өмірі таңдаған мамандығымен байланысты. Мамандық таңдамас бұрын тұлға ретінде қалыптасып, ішкі қалауыңды айқындап ал.  Көп адаммен ақылдасып, бірақ шешімді өзің шығар»,- деп Саясат Нұрбек түлектерге кеңес берді.
MEDIA CLUB QAZAQSTAN
8-(7172)-70-30-42.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...