Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН МАҢЫЗДЫ БАҒДАРЛАМАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН МАҢЫЗДЫ БАҒДАРЛАМАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН МАҢЫЗДЫ БАҒДАРЛАМАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

         Экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын кәсіпкерлікті дамыту, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау бағытында мемлекет тарапынан маңызды бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр.
           Маңызды бағдарламалардың нәтижесінде алғашқы 4 айда Жетісай ауданындағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 2 млрд. 547 млн. 905 мың теңгені құраса, өңдеу өнеркәсiбi 1 млрд. 267 млн. жеткен. Ауданда 15 094 шағын және орта бизнес субъектілерінде 19 110 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жергілікті 25 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырған сондай кәсіпкерлердің бірі Ұлықбек Абдраманов. Жылына 450 мың пар аяқ киім шығаруға қауқарлы «Ұлықбек» аяқ киім цехының бірінші кезеңі 2018 жылы, екінші кезеңі 2020 жылы іске қосылған. Құрал-жабдықтарды Түрік және Қытай елдерінен алдырған. Жобалық құны 200 млн теңге болатын цехты іске қосу үшін жеке қаржысынан 150 млн теңге инвестиция салған кәсіпкер 50 млн. теңгені мемлекеттен несиеге алған.
         Бүгінде сапасы шет елдік аяқ киімдерден кем түспейтін өнім жергілікті базарларда тиімді бағада сатылуда. «Облыстық «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 4 айда 10 адам 51,6 млн. теңге, «Ырыс» несиелік серіктестігімен 162 шаруа қожалығы 382,9 млн. теңге бөлінсе, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 1 жоба 600 млн теңгеге қаржыландырылған. Бүгінде ІІ деңгейдегі банктер арқылы «Бизнестің Жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында «TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы 55 млн. теңгені құрайтын 11 жобаның құжаттары рәсімделіп, сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін ауданға 12,6 млрд. тенге инвестиция тарту жоспарланған болса, 4 айда бұл көрсеткіш 1,4 млрд тенгені құрап отыр» дейді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев.
        Алдағы уақытта Жетісай қаласынан, Қазыбек би және Атамекен ауылдық округтерінен 36 гектар жер резервке алынып, «Ет-сүт фермасын», «Құс фабрикасы» мен «Крахмал және лимон қышқылын өндіру зауыты» жобаларын іске асыру да жоспарланып отыр.
Бауыржан НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...

ӘЗ-НАУРЫЗ — ЖАҢА КҮННІҢ ЖАРШЫСЫ

        ...

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

      «Таза ...

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЛІППЕСІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСІ

        ...

БҰЛ ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ҚАСИЕТТІ МІНДЕТІ БОЛУЫ КЕРЕК

        ...

ҰЛТ КЕМЕҢГЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫР САЙЫСЫ

        ...