Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
3 ЖЫЛДА АЙТУЛЫ ӨЗГЕРІСТЕР БАР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » 3 ЖЫЛДА АЙТУЛЫ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

3 ЖЫЛДА АЙТУЛЫ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

         Түркістан облысының БАҚ өкілдері Мақтааралға жасаған пресс-туры барысында аудан орталығы Мырзакент кентіндегі жаңадан салынған нысандармен танысты. Аудан орталығы атанғанына 3 жыл толған Мырзакенттің қазіргі бет-бейнесі журналистерге ерекше ұнады.
          Ең алдымен тілшілер қауымы жақында ғана пайдалануға берілген Даңқ аллеясына аялдады. Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков 1941-1945 жылдар аралығында Мақтарал ауданынан 32 мыңнан аса адам Ұлы Отан соғысына аттанып, соның 3900-і ғана аман-есен елге оралғанын атап өтті. Оның ішінде 12 адам «Кеңес Одағының батыры» атағын алған екен.
«Әрине, ел үшін қан төккен боздақтар ел есінде мәңгі сақталуы тиіс. Міне, осыны ескерген ауданымыздың әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен С.Қожанов көшесі бойындағы мәңгілік алау ескерткішін қайта құру үшін бюджеттен 137 миллион теңге қаржы қаралып, мердігер «Таймас company» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілді» – деді Бейсенбай Тасболатұлы.
       Тілшілер аудан орталығындағы Жастар гүлзарында аудан әкімі Бақыт Асановпен де арнайы кездесіп, аудан басшысынан сұхбат алды. Бақыт Насырханұлы 3 жылдың ішінде Мырзакент кентін абаттандыру, көркейту, көгалдандыру бағытында жасалған жұмыстар жөнінде кеңінен әңгімелеп берді.
       «Мырзакентке алғаш келгенімізде орталық көшелердің бойында мал жайылып жүретін еді. Қураған ағаштар, өспеген гүлдер, ескірген ғимараттар. Әрине, мұның бәрі әліге дейін көз алдымда. Біз ең алғаш жұмысымызды сенбілік жасаудан бастап, жаңадан аудан орталығы болған Мырзакенттің тұрғындарына тазалықты сақтау мәдениетін қалыптастыру үшін түсіндіру жұмыстарын тынбай жасадық. Айыппұл салу шараларын қолға алдық. Мырзакенттің әрбір тұрғыны «аудан орталығының тұрғыны» деген атқа лайық болу керектігін және аудандағы басқа ауылдарға үлгі-өнеге болу керектігін айтудан шарашаған жоқпыз. Әрине, бізге оңай болған жоқ. Дегенмен, бүгінгі жасанған, жайнаған, гүлденген Мырзакентті өздеріңіз көріп тұрсыздар» – деді Бақыт Насырханұлы.
          Жалпы аудан орталығы болғанына 3 жыл толған Мырзакент кенті күн сайын құлпырып келеді. Кентте ескірген нысандардың барлығы да қайта жаңарып, үлкен құрылыс нысандары бой көтерді. Атап айтқанда, аудан әкімі аппаратының ғимараты, Жастар гүлзары, Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадион, Орталық кітапхана, Мырзакент емханасы ел игілігіне берілді. Бүгінде 1200 орындық мектеп және 280 орындық балабақшаның құрылысы жүруде және дербес бөлімдер үшін әкімшілік ғимараты, Спорт сарайы, Орталық саябақ нысандарының құрылысы жоспарлануда. Сонымен қатар, өткен жылғы Төтенше жағдай салдарынан Мырзакентте жаңа мөлтек аудан бой көтеріп, оның ішінде жаңа саябақ пен аллеялар пайда болды.
        Мырзакентте көптеген кәсіпкерлік нысандар да тұрғызылып, халыққа қызмет көрсету сапасы күн сайын артуда. Кент көшелерінің барлығы дерлік асфальттенді. Ағаштар егіліп, жарқырата жарықшамдар орнатылды. Субұрқақтар атқылап, гүлдер жайқалды. Мырзалардың мекені деп атала бастаған Мырзакент қай жағынан алса да дамып, көркі көз тоймайтын деңгейге жеткеніне БАҚ өкілдері көз жеткізді.  
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз  қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...