Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛҒАН С.ДАТҰЛЫ МЕКТЕБІ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛҒАН С.ДАТҰЛЫ МЕКТЕБІ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛҒАН С.ДАТҰЛЫ МЕКТЕБІ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

          Түркістан облысының БАҚ өкілдері Мақтаарал ауданына пресс-турмен келіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты.          Тілшілер қосынының ең бірінші барған нысаны – Жаңажол ауылдық округіне қарасты Арайлы ауылындағы құрылысы аяқталған С.Датұлы мектебі. Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков бұған дейін ыңғайластырылған ескі ғимаратта 3 ауысыммен оқыған Арайлы ауылының балалары ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап 200 орындық  жаңа білім беру ұясынан табалдырық аттайтынын қуанышпен мәлімдеді.
        Ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің тапсырысымен мердігер «КазМедеоГранд» ЖШС тарапынан құрылысы жүрген нысанының жалпы конкурстық құны 533 миллион теңгені құрады. Жаңа мектептің аумағы 1,6 гектарды, жалпы ғимараттың ауданы 2341,91 м2-ты құрады.
         Білім ордасында – физика, химия, информатика кабинеттері, мультимедиялық және лингафондық кабинеттер соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталып, оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ, мектептің спорт залы, тігін шеберханасы, асханасы да заманауи үлгіде жабдықталған. Жаңа ғимараттың арқасында ауыл оқушылары түрлі спорттық, өнер және қолөнер үйірмелеріне қатысып, өздерін қосымша дамыта алады.
       Мектептің ішін аралап көрген тілшілер құрылыстың сапасына мән беріп, базалық-техникалық жабдықталуына жоғары баға берді. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Б.Төребековпен және ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Б.Анарбековпен сұхбаттасып, сұрақтарына жауап алды.
        Бүгінгі таңда Мақтаарал ауданында 13 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұл – аудан тарихының құрылыс саласындағы рекордтық көрсеткіші. Тіпті, іріленген Мақтаарал ауданы кезінде де бір уақытта мұншалықты көп мектептің құрылысы жүргізілмеген. Cалынып жатқан мектептердің барлығы пайдалануға берілсе, аудандағы ыңғайластырылған  мектептердің мәселесі толығымен шешілмек.
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...