Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

      Жетісай ауданында Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының хатына сәйкес 2021 жылдың 26 мамыр мен 19 маусым күндері аралығында шектеу шаралары кезеңінде оқушылардың білімінде жіберілген олқылықтардың орнын толтыру мақсатында ұйымдастырылатын жазғы мектептер жұмысын санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, тиімді ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.       Бүгінде аудандағы 73 жалпы орта мектептердің 70-інде жазғы мектеп сабақтары ұйымдастырылған. 973 сынып комплектісі оқушыларға қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылып, 11 174 оқушы білім алуда. Оларға 2 534 ұстаз дәріс беруде. Әлемдегі пандемиялық жағдайға қарамастан шалғайдағы елді мекен оқушыларын мектепке тасымалдау, ыстық тамақтармен қамтамасыз ету мәселелері де оң шешімін тапқан ауданда.
      «Ауданда мектебі жоқ 19 кішігірім елді мекендерден мектеп жасындағы 823 бала жеке кәсіпкелердің арнайы автобустарымен күнделікті тасымалданып, білім алуда.
Дегенмен, аудандағы оқушыларды мектепке тасымалдайтын көліктің тозуына байланысты арнайы автобустың қажеттілігі туындап отыр.
Осындай өзекті мәселенің бірі – оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету де оң шешімін тауып, 34 мыңға жуық балаға ыстық тамақ пен буфет ұйымдастырылған, оның ішінде 2 867 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар санатындағы отбасылар санының артуына байланысты тегін ыстық тамақпен қамтылатындар санының өсуі күтілуде» дейді Жетісай ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Тұрсын Мырзалиев.
       Аудан ұстаздарының жаңашылдығы мен ізденімпаздығының нәтижесінде 19 жетекші мектеп серіктес мектептермен жұмыс жасап, тәжірибе алмасу мақсатында «Қалыптастырушы бағалау – табысқа жету баспалдағы», «Проблемалық тақырып аясындағы ізденістер мен рефлексиялар», «Кәсіби серіктестік – табысты білім кепілі» тақырыптарында қашықтан семинарлар ұйымдастырылды. «Озат тәжірибе» деп танылған 10 жұмыс аудан көлемінде, ал, 6 жұмыс облыс көлемінде таратылған.
       Айта кетейік, аудандағы жаңа типтегі білім ұяларының санын арттыру мақсатында биылғы жылы 6 мектептің құрылысы басталып, оның 5-ін жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.
Б.НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...

ӘЗ-НАУРЫЗ — ЖАҢА КҮННІҢ ЖАРШЫСЫ

        ...

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

      «Таза ...

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЛІППЕСІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСІ

        ...

БҰЛ ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ҚАСИЕТТІ МІНДЕТІ БОЛУЫ КЕРЕК

        ...

ҰЛТ КЕМЕҢГЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫР САЙЫСЫ

        ...

АЛИМЕНТ ПЕН ОНЫҢ ТӨЛЕНУ ЖОЛДАРЫ

        ...