Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

        Ғасыр дертіне айналған есірткі және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қажеттілігі бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты өткір мәселелерінің бірі болып отыр. Соңғы он жылда еліміздегі нашақорлар тобы молайып, оның ішінде балалар арасындағы есірткіге құмарлар қатары артқан. Соның ішінде есірткі дертіне шалдыққандардың жасы отыз жастан жоғары емес. Бұл жағдай күннен-күнге есірткі пайдаланушылардың «жасарып» келе жатқандығын дәлелдейді. Талай жеткіншек нашақорлық салдарынан қауіпті кеселдің құрбанына айналып, жыл сайын ата-ана, туған-туыстарына қайғы-қасірет әкеліп жатыр.       Міне, осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында Жетісай қаласындағы орталық алаңда «26 маусым – Дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күні» аясында арнайы іс-шара болып өтті.
       Жетісай жоғары медицина колледжі мен Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі студенттерінің қатысуымен өткен шарада Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Нұрлыбек Мутаев пен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» меңгерушісі Клара Жантөреева, аудандық «Жетісай мәдениет үйі» басшысының орынбасары Азберген Айтешовтар жастарды салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, бойларын зиянды әдеттерден аулақ ұстауға шақырды.
       «Нашақорлықты емдеуден оның алдын алу жеңілірек болады. Нашақорды емдеу үшін 3-6 айдан бастап 2 жылға дейін уақыт кетеді. Мәліметтер бойынша нашақорлардың тек 5 пайызы ғана өздігінен қалыпты өмірге оралатыны мәлім. Ал, қалған 95 пайызы не болады? Егер бұрын жағдайы нашар ортадан шыққандар ғана нашақор болса, ал, қазір эпидемия қоғамның барлық деңгейін қамтып келеді. Нашақорлық ұлт таңдамайды. Есірткіге құмарлық өмір бойы сақталуы мүмкін. Тек санаулылары ғана есірткіге тәуелділікті жеңе алады. Қауіптен құтылудың ең дұрыс тәсілі – оларды ешқашан татып көрмеу. Ол үшін салауатты өмір салтын ұстанып, өзімізге, елімізге пайдалы іспен айналысу. Бұл бағытта еліміздің жастарына барлық жағдайлар жасалған» деді аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Нұрлыбек Сағынбекұлы.
       Іс-шара барысында аудан өнерпаздары жастарға әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Патриоттық әндер шырқап, Отанға, ортаға, қоғамға деген сүйіспеншіліктерін арттырды.
          Салтанатты шарадан соң қатысушылар қаладағы адамдар көп шоғырланатын жерлер мен жиі жүретін көшелерде нашақорлықтан сақтану жолдары мен зардаптары жазылған үнпарақшалар таратты. Түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Б.НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...