Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АСТАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » АСТАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

АСТАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

         Жаз мезгілінде кездесетін жұқпалы аурудың түрлері көп. Әсіресе, қоғамдық тамақтану орындарында, оның ішінде көше бойларында орналасқан кафе, асхана, дүңгіршіктерден тамақ сатып алу – өте қауіпті. Міне, осы қауіптің алдын алу мақсатында аудандық кәсіпкерлік бөлімі және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен Мырзакент кентінің кәсіпкерлеріне арнайы семинар-кеңес өтті.
         Іс-шараға ауданның кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Өсер Мырзамдамов, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Абдуғали Кемелов, Мырзакент кентінің әкімі Мамыр Бейсенбаев және аудандық СЭББ-ның бөлім басшылары мен мамандары қатысып, кәсіпкерлерге тамақтан улану және оның алдын алу жөнінде кеңінен ақпараттар берді. Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысандарды «Ашық» жобасына енгізу және оның қызмет көрсету орындарындағы маңыздылығы туралы, коронавирус жұқпалы ауруының алдын алу үшін кәсіпкерлік нысандардың қызметкерлеріне вакцина ектіру мәселесі семинар-кеңес барысында айтылды.
        «Азық-түлікті сатып алған кезде өнімдердің орамасына, жемістер мен көкөністердің солғындығына, жұмыртқалардың сынғанына,  азық-түліктердің жарамдылық мерзіміне өте мұқият назар аудару керек. Әсіресе, жазда азық-түлік өнімдерінің ластану қауіпі жоғары болғандықтан,  оны сатып алғанда барынша сапасына мән беріп, қай жерде, қандай жағдайда сақталғанына мұқият көңіл бөлу керектігін ескертеміз. Азық-түлікті қайдан сатып алсаңыз да – сатушы олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті» – деді А.Кемелов.
        Астан уланудың алдын алу, кәсіпкерлік нысандарға «Ашық» жобасын енгізу және вакцинация мәселелері бойынша кәсіпкерлерге арналған семинар-кеңестер мен жиындар жалғасын табатын болады. 
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...