Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
«ҰЛТТЫҚ ҰРАН КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » «ҰЛТТЫҚ ҰРАН КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

«ҰЛТТЫҚ ҰРАН КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

           Өткен күндері Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы – Мәңгілік ел» кітаптар сериясы мен Қазақ тілі қоғамының ұйымдастыруымен Қазақ күнтізбесіндегі мән-мазмұны жоғары атаулы датаның бірі – «Ұлттық ұран күні» аталып өтті. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған осы атаулы күнге орай өткен шарада жиналғандар қазақтың «Алаш», «Әруақ», «Абылай» ұрандарын айтып ел халқына өздерінің құттықтауларын арнады.
        Ұйымдастырушылар бұл атаулы күннің Қазақ күнтізбесінде алар орны ерекше екенін айтып, алдағы уақытта ұлттық ұрандарды ұлықтауға бағытталған бұл шараның тұрақты негізде өткізілетінін атап өтті.
         Жалпы алғанда 2019 жылы тұсауы кесілген «Қазақ күнтізбесі» жобасында Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған барлығы 19 атаулы күн белгіленген. Жоба ұйымдастырушылары «Ұлт денсаулығы күні», «Қазақ тарихы», «Қазақ әдебиеті», «Туған жер», «Ұлттық ойындар», «Мемлекеттік тіл», «Ұлт қайраткерлерін еске алу күні», «Қазақ өнері», «Батырлар күні», «Аяулы қазақ қыздары», «Қазақ халқы», «Ақсақалдар күндеріне» орай тұрақты негізде шаралар ұйымдастырып келеді. Бұл «Қазақ халқының мұрасы-Мәңгілік ел» кітаптар сериясы қоғамдық жобасы аясында қолға алынған 23 жоба болып табылады. Осыған дейін кітаптар сериясы шеңберінде «Тәуелсіздік лентасы» және қазақтың әскери салттарын ұлықтайтын «Жауынгерлік даңқ лентасы», «Қазақ тарихының анықтамалығы» сынды бірегей жобалар ұсынылған болатын.
         Алдағы уақытта кітаптар сериясы шеңберінде Мемлекеттік тілді оқытуға бағытталған арнайы әдістеме және ұлт құндылықтарын насихаттауға бағытталған «Халық мұрасы»  бағдарламасын, Ердің 50 міндеті сынды жобалаларды ұсыну жоспарлануда.
«Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамының
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...