ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРА ӨТКІЗІЛУДЕ
Posted by: Қалмұрат
in Әлеумет
22/06/2021
36 Views
Ағымдағы жылдың 21-27 маусымы аралығында, республикамыздың аумағында «Шартты түрде» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Осыған сәйкес, біздің ауданымызда да тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Аудандық пробациялық қызмет бөлімінің қызметкерлері, учаскелік инспекторлармен бірлесе отырып, түзілген кестеге сәйкес пробациялық есепте тұрған азаматтардың үй-жайлары мен олардың жұмыс орындарын тексеруде. Себебі, осындай тізімде тұрған азаматтардың кейбірі түрлі себеппен өздерінің тұрғылықты мекен-жайлары мен жұмыс орындары туралы жалған ақпарат беруі мүмкін ғой. Ал, егер ондай жалғандық дерегі анықталса, оларға мұндай әрекеттің дұрыс еместігі туралы тиісті ескертулер жасалады не болмаса олар өз әрекеттері үшін ҚР Заңдарының талаптарына сай жауап береді.
Осндай жедел-профилактикалық барысында біз пробациялық есепте тұрғандардың әлеуметтік жағдайына да мән береміз. Егер ол азамат жұмысқа орналасудан не болмаса әлеуметтік тұрғыдан қиыншылыққа тап болса, оған қолдан келгенше жан-жақты көмектесуге тырысамыз.
Біз белгіленген тәртіппен өткізіліп тұратын осындай жедел-профлактикалық іс-шаралар кезінде өз бақылаумыздағы азаматтарға өзіміздің тек бақылаушы орган ғана емес, сондай-ақ, олардың еліміздің басқа да азаматтары секілді түрлі әлеуметік көмектер алуға құқылы екендіктерін де түсіндіреміз.
С.ОРАЗӘЛІ,
Жетісай аудандық ПҚБ инспекторы, әділет аға лейтенанты.
2021-06-22