Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
Қазақстандағы АҚШ Елшілігі мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолөнершілердің мүмкіндіктерін кеңейту жобасын іске қосады - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » Қазақстандағы АҚШ Елшілігі мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолөнершілердің мүмкіндіктерін кеңейту жобасын іске қосады

Қазақстандағы АҚШ Елшілігі мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолөнершілердің мүмкіндіктерін кеңейту жобасын іске қосады

               Қазақстандағы АҚШ Елшілігі мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, дәстүрлі қолөнерді сыртқы нарықта жылжыту мен шығармашылық индустрияларды дамыту арқылы мәдени мұраны сақтау мақсатында «Born Nomad» бірлескен жобаның басталғанын хабарлайды.
           «Born Nomad – Power Award» ұлттық байқауы қазақ мұрасын қайта жаңғырту мен кеңінен насихаттауға, Қазақстанның дәстүрлі қолөнері мен халық шығармашылығының заманауи талдауын рухтандыруға бағытталған.
               Жобаның демеушілері – Chevron мен ExxonMobil, байқаудың серіктестері – KazTrade, KazPost, Creative Industries Project Office, Қазақстан Шығармашылық Кеңесі, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, Қазақстан әйелдер күштері альянсы, Атамекен Іскер әйелдер кеңесі мен Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі.
             Тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мен әйелдердің экономикалық рөлін күшейту – АҚШ-тың сыртқы саяси басымдығы. «Әйелдер өркендеген жерде елдер өркендейтінін білеміз», – деп елші Уильям Мозер айтқан еді.
            Мүмкіндіктері кеңейген қолөнершілер сауда мамандарымен, интернет арқылы тауар сатушылар мен шығармашылық индустриясының мүдделі тараптарымен өзара әрекеттесетін және ынтымақтаса алатын экожүйені құру арқылы жоба Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасында коммерциялық синергия құруды көздейді.
            «Born Nomad» жобасы үш құрауыштан тұрады: 1) халықаралық қойылым, білім беру мүмкіндіктері мен АҚШ-тағы желілік сатушылармен байланыс орнатуға арналған онлайн платформа; 2) жалпыұлттық таланттар байқауы және 3) ең жақсы туындылар көрсетілетін, байқау жеңімпаздары жарияланатын және шығармашылық экономика қиындықтары мен мүмкіндіктерін талқылауға арналған панельдер өткізілетін форум мен фестиваль.
           Қатысушылар келесі номинациялар бойынша бақ сынайды: Дәстүр мен мәдениет, Инновация, Әйел шебері, Жас талант, 3D қолөнері және Шығармашылық Ынтымақтастық. Жеңімпаздарды Америка Құрама Штаттары мен Қазақстанның кәсіби топтарының өкілдері мен сарапшыларынан тұратын іріктеу комиссиясы анықтайды.
          «Бізде қолөнер кәсіпкерлігін жаңа деңгейге шығарудың ерекше мүмкіндігі бар. Бұл әсіресе әйелдер бизнесі үшін өте маңызды. Біз өз тарапымыздан «Бастау» жобасы арқылы барлық қолдауды көрсетуге дайынбыз. Соңғы 4 жылда бұл жоба арқылы 150 мыңнан астам адам (оның 52%-ы әйелдер) микро және шағын бизнес негіздеріне машықтанды және 2000-нан астам қолөнер жобалары іске асырылды», – деді «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Аблай Мырзахметов.
          Жобаның ең соңында, қыркүйек айында форум мен фестиваль өтеді. Іс-шараның спикерлері мен тәлімгерлерінің қатарына халықаралық ұйымдар, американдық қолөнер қауымдастықтары және кәсіпкерлік мамандары кіреді. Қосымша ақпарат пен қатысу шарттары үшін тіркеу формасын толтырыңыз немесе info.bornnomad@gmail.com бойынша бізге хабарласыңыз.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...