Home » Билік » ЖЕТІСАЙЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР АЛҒЫС ПЕН ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР АЛҒЫС ПЕН ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

           23 маусым – елдің тыныштығы мен бейбіт күннің бекемдігін күзететін, өз мүддесінен ел мүддесін жоғары қоятын Қазақстан Республикасы полициясының күні. Айтулы мерекені жоғары деңгейде атап өткен Жетісай аудандық полиция бөлімінің мамандары мерекені ардагер полицейлерге алғыс айтумен, марапаттаумен бастады. Аға буын өкілдерімен қатар қауіпті де маңызды мамандықты таңдап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде және орын алған қылмыстарды дер кезінде ашуда айрықша көзге түскен полиция қызметкерлерін де марапаттауды естен шығармаған Жетісай аудандық полиция бөлімінің басшысы Ермахан Абдраманов пен Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Асан Маханбетов жиылғандарды төл мерекелерімен құттықтады. Ыстық ықыласын білдірді.
        «Елдің қауіпсіздігі мен тыныштығын күзетуді мақсат етіп таңдаған мамандығымыздың ауыртпалығы, жауапкершілігі, қадір-қасиеті Сіз бен Бізге ғана мәлім. Бүгінгі мереке, бүгінгі құрмет пен ықылас біздің жауапкершілігімізді бұрынғыдан да арттырып, жұмысымыздың сапасын бұдан да жақсарта түсетініне сенімдімін.
       Баршыңызды мерекемен құттықтай отырып дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке, жұмыстарыңызға игілік пен мемлекет алдындағы анттарыңызға берік болып қалуларыңызды тілеймін» деді полиция полковнигі Ермахан Абдраманов.
          Сонымен қатар, шараға қатысушылар ішкі істер саласында абыройлы еңбек етіп, бейбіт елдің берекесін күзетуде жанқиярлық танытқан, қызмет бабында қаза болған әріптестерін бір минуттық үнсіздікпен еске алып, полиция бөлімінде арнайы орнатылған монументке гүл шоқтарын қойды.
Бауыржан НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІГІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН

        ...

АУДАНЫМЫЗДА 210 ТІК ДРЕНАЖДЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

        ...

ЖАҢА СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

        ...

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТАҒЫ 90 ҮЙДІ ТАПСЫРУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

        ...

9 ҚЫРКҮЙЕК-АЛАШ ҰРАНЫ КҮНІ

        ...

ПАРЫЗ БЕН БОРЫШТЫ АРҚАЛАП

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН БІРІКТІРЕТІН ТІЛ

        ...

БҰЛ ЕҢ ОҢТАЙЛЫ ШЕШІМ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

        ...

ЖУРНАЛИСТ ҮКІМЕТ ҮЙІНЕ КІРУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ  

        ...