Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ӨНЕРІМЕН ТАЛАЙ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРҒАН - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ӨНЕРІМЕН ТАЛАЙ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРҒАН

ӨНЕРІМЕН ТАЛАЙ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРҒАН

          Өнерде еліміздің атын шығарып жүрген жастарымыз жетерлік. Олардың қатарында 2004 жылдың 27 тамызында Қарағанды қаласында дүниеге келген, талай биіктерді бағындырған, сыңғырлаған дауысымен бұлбұлдай ән салған Ақбота Ұзақбайқызы Өмірхан да бар.
         Назарларыңызға Ақбота Ұзақбайқызымен сұхбатты ұсынып отырмыз.
            – Алдымен өзіңіз жайлы қысқаша ақпарат берсеңіз?
         – Мен қазіргі таңда Қарағанды қаласының Тәттімбет өнер атындағы колледжінде оқимын. Эстрада – вокал факультетінің 2 курс студентімін. Жалпы өзімді рухани жағынан тұлға ретінде қалыптастыруда ізденіс үстінде жүрген студенттердің бірімін.
         – Өте жақсы. Ақбота, сізге алғашқы қоятын сұрағым, жалпы өзіңнің әншілік қабілетіңнің бар екенін, бойыңа өнердің дарығанын алғаш рет қашан байқадың?
         – Жалпы мен өзім бірінші сыныптан бастап биге қатыстым. Кейін бір өзімнің қырсықтау мінезімнен десем де болады, 4 сыныпқа келгенде биден шығып кеттім. 5 сыныпта мен мектепте музыка пәнінен  «Жан әке»деген өлеңін айту деген үй тапсырмасын берді. Пернегүл деген музыка пәнінің мұғалімі болатын. Содан үйде өзім «Жан әке»  әніне дайындалып жатқанда, дауысымның бар екенін сезіндім. Сол кезде анама айттым «менің дауысым бар, музыкалық мектепке барғым келеді» деп. Анам мен ауылға кеткен кезімде мені музыкалық мектепке жазып қойыпты. Күзден бастап барасын дегенде, өзімнің алғаш рет өнер әлеміне қадам басқанымды түсіне бастадым.
           – Керемет. Осы бағытта өзіңнің ең алғашқы ірі жеңісің, сахна әлемінің иесі екеніңді сезіне бастаған қай сәт болды?
          – Ол сол музыкалық мектептің 2 сыныптық баспалдағында, яғни 2015-2016 жылдары Алматы қаласына ең бірінші рет мен сол кезде өз қаламнан сырт қалаға шығу кезім болды. Ол кезде кішкентай Ақбота, ата-анасыз Алматы қаласына барады. Менің алғашқы сахнаның иісін сезіну кезім осы болды. Ол жақта әділқазылар алқасында Мәдина Сәдуақасова, сол кездегі белгілі «Рекэтирда» ойнаған актерлар отырды. Осы «Күншуақ» конкурсында менің алғашқы жеңісім болды.
           – Бәрекелді. Жалпы бізге мәлім, өзіңіз ән айтудан басқа, өзіңіз де ән жазып жүр екенсіз. Жалпы шабытты неден аласыз? Көп адамдар мысалға табиғаттан, отбасынан алады. Ал сіз неден аласыз?
           – Өте керемет сұрақ. Тәттімбет коледжіне 1 курсқа түскен кезімде, менің өмірімде бір қиын кездер болды. Депрессия дей ме, білмеймін енді, Аллах Тағала сынақ берді ме, сол кезде ауруханаға түстім. Жеке өмірімде де қиыншылықтар болды. Сабақтар көп қосылды, жаңа ортаға үйрену қиынға соқты. Сол кезде ән жаза алатынымды байқай бастадым. Алғаш рет сол кезде « Бір қадам» деген әнім шықты. Жан айқайымды ешкімге түсіндіре алмаған кезімде параққа сөзін жаза бастадым. Фортопиананың алдына отырып, мотивін шығардым. Жалпы табиғаттан, өмірде болып жатқан тіпті мынау кішкентай қозғалыстан, қуанышты сәтімнен шабыт аламын.
           – Испания, Чехия секілді шетел сахналарында өнер көрсеттің. Сол туралы не айтасыз?
            – Ол менің өмірімдегі ең тәтті, ең керемет кездер болды. Алғаш рет Чехияға барған кез 2018 жыл болды. Ол кезде музыкалық мектептің 4 сыныбында оқимын. Музыкалық мектептер арасында іріктеілу жүргізіледі. Сол іріктеуде мен 1 орынға ие болдым. Чехия – Прага қаласына жолдама алдым. Чехия сахнасында өнер көрсетіп, 2 орын алдым. Ал Испанияға 2019 жылы бардым. Ол жерде хор бойынша қатыстым. Кейін ол жақта эстрада бойынша тағы да сольно өнер көрсеттім. Осылай Испания, Чехия елдеріндегі жеңістерім болды.
           –Тамаша! Осындай жұлдызды белестерін көп болсын. Осымен менің сұрақтар аяқталды. Ақбота, сенің алар асуларын, бағындырар белестерін бола берсін! Көп рақмет!
Іңкәр АЛТАЕВА,
«Әл – Фараби атындағы мектеп-гимназия» КММ-нің  11 сынып оқушысы. Қарағанды қаласы, Қарағанды облысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...