ПАНДЕМИЯНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНА ӘСЕРІ
Posted by: Қалмұрат
in Қоғам, Сұхбат
23/06/2021
53 Views
Білім саласына пандемияның тигізген әсерін бірі білсе, бірі білмес. Әйтсе де оқушы білім алып, мұғалім сабақ берді. Бірақ індет білім саласына қалай әсер етті?! Бүгін біз осы сұраққа жауап алу үшін Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Зертас ауылы Қосан Мамытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәнінің ұстазы Айдана Нұрғазықызы Қадірбекпен сұхбаттасқан болатынбыз.
– Сәлеметсіз бе, Айдана Нұрғазықызы. Қазіргі таңда мектептің ішкі жағдайы қаншалықты карантин талаптарына сай?!
– Карантин деген сөзді анда-санда қолданушы едік кезінде, қазір күнделікті көп сөздің біріне айналды десем қателеспеспін.Дәл сол карантин жағдайында ең басты міндетіміз, сақтық талаптарымызды бұлжытпай орындау.Отанымыздың болашағы партадағы білім алушылар болғандықтан, осы ұрпақтың амандығы үшін карантин ережелері басым сақталып келеді.Әр түрлі қиындықтарға әкеп соғып жатқанымен барынша карантин талаптарын мектеп ұжымы мен оқушыларымыз сақтап жатыр.
– Мектептің білім деңгейі жағынан алдыңғы жылғымен салыстырғанда өзгеріс бар ма?
– Әрине өзгеріс көп, бұрын соңды карантин деген І тоқсанға немесе одан көпке созылған емес-ті. Ал осы пандемияға байланысты білім алушылар тек электронды түрде оқуға мәжбүр болды. Кішкентай экран мен ішінде сөйлеп тұрған дауыс, үлкен тақта, шынайы мұғалімнің арасы жер мен көктей.Оқушылардың білімді қабылдауында біздерге, яғни мұғалімдерге кері байланыс алу өте қиынға соқты.Оған қоса білім деңгейін жақсарту мақсатында қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану тұрмақ, сол әдістің нұсқауын да түсіндіріп жату қиынға соқты. Математика пән мұғалімі ретінде өз сабақтарымда басымдықты жазылым деңгейіне қарап қана бағалауыма тура келді. Әрине, бұл қиындықтар білім сапасынңн өзгеруіне акеп соқты.Бұның бәрі өз басымнан өткен қиындықтар болып тұрғаны.
– Сіздің ойыңызша болып жатқан пандемия оқушылардың біліміне әсер етіп жатырма?
– Әрине, жоғарыда жауап бергендей кішкентай экранға үңілу оқушылар үшін қызықсыз дүниеге айналды.Окуға деген ынта құрып, білімге деген сұраныс та азайып кетті. Бір қалыпты оқу үдерісі кімге болса да ұнай қоймас деп түсінем.
– Қашықтықтағы оқу балалардың біліміне кері әсер етпеу үшін, мектеп қандай жағдай жасап жатыр?
– Мектеп ұжымы яғни аудандық білім бөлімі, облыстық, тіпті республикалық білім министрлігінің өздері оқушының бар жағдайын жасауға тырысты.Жоғарыдан келген бұйрықтар бойынша мектеп ұжымы жағдайы төмен отбасы окушыларына планшеттер, ноудбуктар берілді, кейбірі қайтарымды шартпен, кей бірі қайтарымсыз түрде. Оның өзі отбасы үшін үлкен көмек болды деп ойлаймын.
– Оқушыларға не айтасыз?
– Атағы асқақтайтын елдің болашақ бетке тұтар қаймақтары осы қазіргі өскелең ұрпақ сендерсіндер.Сол себепті білім мен тәрбие қатар дейтін жерге сабырды да қосып сапалы білім алуға машыктаныңдар дегім келеді.
– Сұхбатыңызға рахмет!
Асылай САЙРАМБАЙ,
Қосан Мамытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің
11-сынып оқушысы.
Зертас ауылы, Төлеби ауданы, Түркістан облысы.
2021-06-23