Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
USAID пен Орталық Азия үкіметтері Өңірлік электр нарығының келесі сатысына көшуге келісті - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » USAID пен Орталық Азия үкіметтері Өңірлік электр нарығының келесі сатысына көшуге келісті

USAID пен Орталық Азия үкіметтері Өңірлік электр нарығының келесі сатысына көшуге келісті

23 Маусым 2021, Нұр-сұлтан, Қазақстан
        Кеше АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) Орталық Азияның өңірлік электр нарығының жол картасы (CAREM) мен біріккен өңірлік нарық құру мәселесін талқылау мақсатында виртуалды кездесу өткізді.         Кездесуге Қазақстанның Энергетика вице-министрі Қайрат Рахимов, Қырғыз Республикасының Энергетика және Индустрия вице-министрі Таалайбек Ибраев, Тажікстанның Энергетика және су ресурстары вице-министрі Жамшед Шоимзода, Өзбекстанның Энергетика вице-министрі Шерзод Ходжаев және USAID өңірлік миссиясының директоры Кристофер Эдвардс қатысты.
           Кездесудің ашылуында сөйлеген сөзінде Кристофер Эдвардс былай деген еді: «Біздің барлығымыздың мақсатымыз ортақ: біз барлық елге экономикалық тұрғыдан пайдалы, тасымалдау тұрғысынан қауіпсіз және өңірде көмірқышқыл газының бөлінуін азайтуға көмектесетін өңірлік электр нарығын құрғымыз келеді».
           2020 жылдың қазан айында Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің Энергетика вице-министрлері CAREM Жолкартасы мен Іс-әрекет жоспарын бекітті. Бұл –экономикалық тұрғыдан жарамды да тұрақты өңірлік электр нарығын іске асыруға бағытталған ұжымдық іс-әрекетті басқару жөніндегі USAID-тың өңірдегі алғашқы құжаты. Бүгінгі кездесуде USAID вице-министрлерге  CAREM Жолкартасын іске асыру барысында қол жеткізген жетістіктер жайлы айтып, өңірлік нарық үшін қандай дизайн ұсынып отырғанын көрсетті. Бүгінгі кездесуге қатысушылар өңірлік сауданың экономикаға тигізер пайдасы мен өңірлік электр нарығы парник газдың бөлінуін азайтуға қалай көмектесе алатынын талқылады. Сондай-ақ, USAID және басқа да халықаралық донорлар CAREM  мен оның іс-әрекеті үшін аса маңызды өңірлік институттарды құрып, дамытуда Орталық Азия үкіметтеріне қалай көмектесуге болатынын да қарастырды.
          USAID Орталық Азияда өңірлік электр нарығын құруға көмектесу ісін 2018 жылы бастады. Өңірлік электр нарығы – арзан энергетикаға сүйене отырып, экономика мен қоғамның қарқынды дамуына қолдау көрсететін Орталық Азия-Оңтүстік Азия электроэнергетика нарығы платформасы қызметін атқармақ.
###
            USAID – әлемдегі маңдайалды халықаралық даму агенттігі және дамуға бастайтын негізгі қозғаушы күш. Көбірек ақпарат алу үшін USAID Орталық Азия вебсайты мен Фейсбук парақшасын қараңыз.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...