Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ

            2016 жылы 30 желтоқсанда «Пробация туралы» Заңы қабылданды, ол қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарға қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру сияқты, қылмыстық сот төрелігінің осындай сегментіндегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік қызметтің жаңа жүйесін қалыптастыруға негіз болды.
         Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған тараптардан құқық бұзушылықтар мен қайта қылмыстардың алдын алу мақсатында Шымкент қалалық №1 Еңбекші аудандық пробция қызметі есебінде тұрған сотталғандармен Шымкент қаласының «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылған. Сотталғандарға пробация қызметінің жұмысы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, құқық қорғау органдарымен,  халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау қызметімен, қоғамдық бірлестіктермен тығыз өзара іс-қимыл құрылатыны түсіндірілді.
         Пробация қызметі бірінші соттылығы бар жеңіл қылмыстар үшін сотталған адамдарға ғана емес, сонай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған азаматтарға да бақылау жасайды.
           Қазіргі таңда Шымкент қалалық №1 пробация қызметі бөлімі есебінде 408 сотталған азамат есепте тұрады. Әрқайсысына әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы жасалынып, алдағы уақытта әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылыққа бармау туралы профилактикалық сұқбаттар жүргізіледі. Сотталғандарға психолог мамандарды тарта отырып психологиялық көмек көрсетіледі. Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі сотталғандарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсетеді.  Қала әкімдігінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №193 қаулысына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы бекітілген.
         Осы квотаға сәйкес №1 Еңбекші аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 10 сотталған «Shymkent Bus» ЖШС-не және «Барыс-2007» ЖШС-не жұмысқа орналастырылды. Осы іс-шараның барлығы құқық бұзушылықтармен жаңа қылмыстардың алдын алу үшін жүргізіліп жатыр.
В.В.КОВАЛЕНКО,
Шымкент қалалық №1 пробация қызметі бөлімі бастығының орынбасары әділет подполковнигі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СИҚЫРЛЫ САНДАР

Мақсаты:  1 – 5 ...

СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР

Б/М: Мақсаты: Балаларға өздеріне ...

АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ...

АДАСҚАН КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС

Мақсаты: Балаларды өтілген әріптерді ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты:  Ұлттық құндылықтар туралы  ...

ӨРНЕК ӘЖЕГЕ ҚОНАҚҚА БАРАМЫЗ

Мақсаты: Ою-өрнек туралы мағлұмат ...

«АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА

Мақтаарал ауданының диқандары «Алтвн ...

Ұлттық ойындар

Ата-ана қатысуымен ұйымдастырылған іс-әрекеттің ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Дағдылар: «Қатынас» «Сөйлеуді дамыту», ...

КЕЛДІ МІНЕ АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен ...