Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЖЫЛЫНА 3000 ТОННА ҚЫЗАНАҚ ӨСІРІЛЕТІН БОЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » ЖЫЛЫНА 3000 ТОННА ҚЫЗАНАҚ ӨСІРІЛЕТІН БОЛАДЫ

ЖЫЛЫНА 3000 ТОННА ҚЫЗАНАҚ ӨСІРІЛЕТІН БОЛАДЫ

           Алматы облысындағы Қарасай ауданының Елтай ауылдық округінде «Eurasian Green Product» ЖШС-нің жалпы ауданы 5,1 гектарды құрайтын заманауи өндірістік жылыжай кешені пайдалануға берілді. Шараның ашылу салтанатына «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Айболат Әбенов, Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Мақсұт Жапаров, Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев және «Eurasian Green Produkt» компаниясының даму және стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры  Жандос Тұрсынғалиев қатысты.
        Айболат Әбенов өзінің құттықтау сөзінде мемлекеттің қаржы институты аталмыш нысанға қолайлы шарттармен қаражат бөлгенін атап өтіп, «Бүгін біз өз жемісін бере бастаған жылыжай кешенінің ашылу салтанатына қатысып отырғанымызға өте қуаныштымыз. Қазір компания тауарды жергілікті нарыққа және шетелге жеткізеді. Бұл өте жақсы көрсеткіш» – деді.
          Өз кезегінде Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев жергілікті бюджетке салық түсімдері 100 млн. теңгеден асатынын хабарлады.
         Жылыжайда 5 гектар жерге қызанақ егілген. Мұнда жылына 3 мың тонна қызанақ өндірілетін болады. Жылыжай кешені заманауи технологиялармен жабдықталған, онда жаңа әрі дәмді қызанақ өсіру үшін автоматтандырылған,  қолайлы климаттық жағдай жасалған.
       «Eurasian Green Produсt» ЖШС-ның даму және стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Жандос Тұрсынғалиевтің айтуынша, олардың өнімдері жоғары дәмдік көрсеткіштермен ерекшеленеді.
       – 2018 жылы біз жылыжай кешенінің құрылысын бастадық. Мұнда «Van der Hoeven» компаниясының әдісі қолданылады. Бұл жылыжайлардың артықшылығы – климаттың жақсы басқарылуы, энергияны оңтайлы пайдалану, сондай-ақ қорғау құралдарын аз қолдану. Егілетін қызанақ сорттары «Мерлис» және «Меланеза». Ең бастысы – көкөніс өсіру кезінде біз химиялық қоспаларсыз табиғи әдісті қолданамыз, нәтижесінде экологиялық таза өнім береді, – деді ол.
        Болашақта компания 2 сатылы жылыжай кешенін салуды жоспарлап отыр. Жылыжай кеңейтілгеннен кейін жетісулықтарды қызанақпен ғана емес, қиярмен де қамтамасыз ететін болады. Құрылыстың үшінші кезеңінде 5000 шаршы метрді кезең-кезеңмен іске қоса отырып, қолданыстағы 17 га. учаскеде көкөніс қоймасы салынатын болады.
         Бүгінгі күні компанияда 100 жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Олар өз ісінің шебері, уақыттарын аямай, адал еңбектеніп келеді. Олардың табанды еңбектерінің арқасында қала тұрғындары ең дәмді қызанақты сатып алуда.
       – Біздің ауданда осындай жылыжай салынғанына өте қуаныштымыз. Мұның бәрі қосымша жұмыс орындары.  Жұмыс қиын емес. Біз күн сайын жақсы өнім жинаймыз», – деп атап өтті көкөніс өсіруші Айнұр Балдаева.
       Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында жылыжай шаруашылығы жақсы даму үстінде, бүгінде 103,1 гектарға 102 жылыжайдан келеді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша өнімнің жалпы түсімі 35,2 мың тоннаны құрады, биыл 41,2 мың тонна жинау жоспарланып отыр.
         Маусымаралық кезеңде халықты жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында жылыжай фермаларының аумағын ұлғайту жұмыстары жүргізілуде. Яғни, 2021 жылы Ұйғыр ауданында тағы 2 жылыжай іске қосылмақ.
        «Жетісу ақпарат».

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СИҚЫРЛЫ САНДАР

Мақсаты:  1 – 5 ...

СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР

Б/М: Мақсаты: Балаларға өздеріне ...

АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ...

АДАСҚАН КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС

Мақсаты: Балаларды өтілген әріптерді ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты:  Ұлттық құндылықтар туралы  ...

ӨРНЕК ӘЖЕГЕ ҚОНАҚҚА БАРАМЫЗ

Мақсаты: Ою-өрнек туралы мағлұмат ...

«АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА

Мақтаарал ауданының диқандары «Алтвн ...

Ұлттық ойындар

Ата-ана қатысуымен ұйымдастырылған іс-әрекеттің ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Дағдылар: «Қатынас» «Сөйлеуді дамыту», ...

КЕЛДІ МІНЕ АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен ...